Футболдан ағылшын премьер-лигасының жаңа маусымы (2019/2020) 10 тамыз күні басталады. Биыл турнир кестесіне байланысты кей ережелерге өзгерістер енгізілген.
Жарыстағы даулы ережелердің бірі - екі команда ұпайы тең болған жағдайда бірінші неге мән беретіні. Осыған дейін доп айырмасына қарайтын. Жаңа маусымнан бастап, командалардың өзара өткізген ойындарына мән беріледі.
Естеріңізде болса, 2011/2012 жылғы маусымда "Манчестер Сити" "Манчестер Юнайтед" командалары турнир кестесінде бірдей ұпай жинаған еді. Доп айырмасына байланысты "қалалықтар" чемпион атанып кеткен болатын.
Өткен маусымда "Ливерпульден" 1 ұпайға озған "Манчестер Сити" чемпион атанған.