Ағылшын премьер-лигасында ең көп жалақы алатын футболшылар белгілі болды. Бұл көшті «Манчестер Юнайтед» клубының ойыншысы Уэйн Руни бастап тұр.
Манкуниандық клубтың шабуылшысы аптасына 260 мың фунт стерлинг жалақы алады екен. «Daily Mail» ақпараты бойынша аталған жалақы Рунидің таза табысы. Төлейтін салығын қоса есептегенде апталық жалақысы 356 мың фунт стерлингті құрайды.
Ең көп жалақы алатын футболшылар тізімінде екінші және үшінші орындарды «Манчестер Сити» ойыншылары Серхио Агуэро мен Яя Туре иеленіп отыр. Бұл ойыншылар аптасына 240 мың фунт стерлинг көлемінде табыс табады. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Серхио мен Яядан өзге «қалалықтардың» 3 футболшысы енген.
Ағылшын премьер-лигасында ең көп жалақы алатын 10 футболшы:
1. Уэйн Руни ("Манчестер Юнайтед") - 260 мың фунт стерлинг (аптасына)
2-3. Серхио Агуэро ("Манчестер Сити") - 240 мың;
2-3. Яя Туре ("Манчестер Сити") - 240 мың;
4. Эден Азар ("Челси") - 220 мың;
5. Давид Сильва ("Манчестер Сити") - 200 мың;
6. Месут Озил ("Арсенал") - 190 мың;
7. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити") - 180 мың;
8-9. Сеск Фабрегас ("Челси") - 170 мың;
8-9. Кевин Де Брейне ("Манчестер Сити") - 170 мың;
10. Джон Терри ("Челси") - 160 мың;