Ағылшын жанкүйерлері футболды түрегеп тұрып тамашалағысы келеді

Ағылшын футболсүйер қауымы футболды түрегеп тұрып тамашалағысы келеді екен. Бұл туралы «Sky Sports» телеарнасы жүргізген сауалнама қорытындысында белгілі болған.

"Ойынды түрегеп тұрып тамашалау – қос команда қолдаушылары арасында қақтығыс тудырмайды"-деп ойлайды екен ағылшын жанкүйерлері. Сонымен қатар, стадионда қауіпсіздіктің де сақталуына септігін тигізеді деп есептейді. Бірақ, Англия футбол федерациясы стадиондарда жанкүйерлердің түргеп тұрып ойынды тамашалауына жағдай жасамаған. Яғни, түрегеп тұрып жанкүйерлік танытатын орындықтар жоқ. Оның себебі де жоқ емес. 1989 жылы Англия кубогының жартылай финалындағы «Ноттингем Форест» пен «Ливерпуль» арасындағы ойында қанды оқиға орын алған болатын. Түрегеп тұрған мыңдаған жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алып, соңы ауыр қайғымен аяқталған еді. 96 жанкүйер алаңда қаза тапса, 766 адам жарақат алған. Бұл – футбол тарихындағы ең ауыр қаралы оқиғалардың бірі.

Айта кетейік, қазіргі таңда ағылшын премьер-лигасы әлемдегі ең тартысты чемпионаттардың бірі. Ойындарының тікелей көрсетілімі бойынша да алдыңғы орында. 

Сурет:thesecondyellow.com

Оқи отырыңыз

Испания футболындағы қақтығыстар мен төбелестер (видео)

Футболдан Испания чемпионаты уақытша тоқтап қалуы мүмкін

Балотелли: Менің жымиғаным - маған сенгендерге арналады