Артымен алдына қарап жүретін адам сол уақытта қолында шар ойнатып, жонглерлік өнерін ортаға сала алады. Жонглер Джо Сэлтер көптен бері көпшіліктің назарын өзіне аударып жүрген жан. Әлемдік рекодтарды орнатқан жас жігіттің алдында бір ғана мақсат тұр...
Жонглер Джо Сэлтер қырық екі шақырымдық марафонды артымен алдына қарап жүріп, сол уақытта жонглерлік айла-тәсілін қоса кеткен.
32 жастағы Джо Сэлтер әртүрлі қисыны келмес тұстарда да жонглерлік өнерін ортаға сала алады. Ертеректе ол Мексика шығанағында 800 метрлік ара-қашықтықты арқасымен жүзе отырып, үш шарды қолында ойнатып баққан. Сосын ол велосипед үстінде 25 шақырымды жүріп шыққан. Содан кейін, бір шақырымнан аса қашықтықты артымен алдына қарай, жонглерлікпен (7 минут, 32 секунд) жүру арқылы әлемдік рекорд орнатқан болатын. Жонглерлік жарыста да рекорд орнатқан еді.
Бірақ, оның мақсаты Гиннестің рекордтар кітабына ену болғандықтан, жарыс жолының ұзақ әрі күрделі қашықтығына бел буып отыр екен...
Гиннестің рекордтар кітабы қатал ережеге сүйенетіндіктен, рекорд орнату сәтінің барлық жағдаяты толығымен бейнетаспаға түсіріліп алуы тиіс.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/EmM2yXiiz5c","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: ru.publika.md