Әлемге әйгілі медицина ғалымдары көпжылдық ғылыми зерттеулердің нәтижесінде адам ағзасының маңызды бөлігі - ми туралы мынадай қызық мәліметтерді анықтаған.
♦ Ұмытқан нәрсең (оқиға) еске түскен сайын мида жаңа жүйке байланыстары пайда болады;
♦ Адам оянғанда, оның миы шам жанатындай энергия бөледі;
♦ Адамның миы 50 жасқа дейін қалыптасады;
♦ Алкоголь мидың есте сақтау қабілетін уақытша жоғалтады;
♦ Туған кезде жүйке жасушалары өскенге қарағанда әлдеқайда көп болады;
♦ Мидың оң немесе сол жағы ғана жұмыс істейді дегендердің бәрі ойдан шығарылған. Шындығында, олар бір-бірімен ақпарат алмасу арқылы жұмыс істейді;
♦ Отбасындағы қатыгездік баланың миына қатты кері әсер етеді;
♦ Шоколадтың иісі тета-ритмді шығаруды күшейтеді. Бұл адамды тыныштандырады және ашуды басады;
♦ Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу ми ісігінің даму қаупін арттырады;
♦ Кішкентай балалардың миы денеде глюкозаны 50% тұтынады. Сондықтан олар көп ұйықтайды;
♦ Мидың құрылымы күтпеген жаңалықтар арқылы өзгереді;
♦ Ұйқының қанбауы мидың жұмысына кері әсер етеді;
♦ Адамның миы 100 миллиард нейрон мен триллион жасушадан тұрады;
♦ Ұмыту миға пайдалы.