Абрамович испан ойыншысын сатып жібермек

Лондондық "Челси" командасы испан ойыншысы Фернандо Торресті 15 миллион фунт стрелингке сатып жіберуі мүмкін, деп хабарлайды Еxpress.co.uk.

"Ақсүйектердің" қожайыны Роман Абрамович сатып жіберуге арнаулы тапсырма беріп отырған көрінеді. Айта кетер болсақ, Торрес ағылшын ішкі біріншілігінде 74 ойын өткізіп, бар-жоғы 14 рет көзге түсе алған. Және әр ойын сайын мамандар тарапынан сынға ұшырап, жанкүйерлердің ашу-ызасын келтіріп келе жатқан жалғыз "аристократ" ойыншы саналады.

Бұл дегеніміз, Эль Ниньоның футболдағы құны екі жыл ішінде үш есе түсіп кетті деген сөз. Өздеріңіз білетіндей, 2011 жылдың қаңтар айында лондондықтар испан ойыншысын аттай қалап, 50 миллион фунтқа сатып алған болатын.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/yffVxhg2AyI","width":"450","height":"240"});

сурет:poshspace.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек