Independent газеті УЕФА Чемпиодар лигасының топтық кезеңіндегі жеребе туралы мақалада қате жіберді, газетте "Астана" футбол клубы ауғанның командасы деп көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Champions League draw: Manchester United - what are the best and worst possible group stage draws?" деп аталатын материалда ("Чемпиондар лигасының жеребесі. "Манчестер Юнайтед" - топтық кезеңдегі үздік және нашар варианттар") авторлар бірнеше командаға ден қояды. Салыстырмалы түрде "Манчестер" командасы үшін ПСВ, "Олимпиакос" және "Астана" клубтары қиын болмайды.
Алайда қазақстандық клубтың сипаттамасында былай делінеді: "Ең әлсіз команла, УЕФА-ның көрсеткіштеріне қарағанда, ауған командасы АПОЭЛ клубын жеңіп, топтық кезеңге шықты. Чемпиодар лигасында Ауғанстаннан тұңғыш рет ойнап жатқан команда". Жарияланымдағы қатені бірінші болып қазақстандық блогер Яков Федоров тапты.
Айта кетейік, ең қиын командалар деп "Барселона", донецкілік "Шахтер" және "Вольфсбург" клубтары көрсетілген.
Еске салайық, бүгін, 27 тамызда футболдан Қазақстан чемпионы "Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластарын анықтайды. Жеребе Монакода Астана уақыты бойынша 21.45-те басталады.