- Негізгі бет
- Бұл қызық
- «Ice Bucket Challenge»...
«Ice Bucket Challenge» акциясына футболшылар да атсалысуда
Әлем футболының жұлдыздары бүйір амиотрофикалық склерозы ауруына шалдыққан жандарға көмек қолын созу мақсатында қаржылай және флешмоб ретінде ұйымдастырылып жатқан акцияға белсене қатыса бастады.
Акция мақсаты - орталық жүйке жүйесін зақымдап, дене мүшелері мен бұлшықеттердің семуіне әкеліп соқтыратын аурумен ауырып жатқан жандарды қолдау мен көмек көрсету болып табылады. Бүйір амиотрофикалық склерозы ауруы Лу Гериг атымен де танымал. Акцияға тек футболшылар ғана емес, танымал тұлғалар да атсалысуда. Ғаламтор беттерінде акцияға қатысушылар мұздай суды үстіне құйдырып, келесі кезекті ұсынған 3 футболшының немесе өзге тұлғалардың есімін атайды. Алғашқылардың бірі болып «қызыл сойқандар» жартылай қорғаушысы Даррен Флетчер суық суды үстіне құю флэшмоб ақциясын бастады. Ол кезегін Криштиану Роналдуға берсе, португалиялық сұрмерген Лил Уэйн, Бейонсе мен Дженнифер Лопеске кезек берді. Бразилиялық футболшылар арасында Марсело өз кезегін Неймарға берсе, каталондық «Барселона» сұрмергені өзін әлем чемпионатында жарақаттаған Хуан Суньигаға кезек ұсынды. Марк Цукербург болса, акцияға қатысуға Билл Гейтсті шақырды. Ал әйгілі баскетболшы Леброн Джеймс АҚШ президенті Барак Обамаға ұсыныс тастады. Бірнеше күннің ішінде «Ice Bucket Challenge» акциясынан 11 миллион еуроға жуық қаржы түскен.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет:sports.ru
О. Сансызбай