Еуропалық клубтар қауымдастығы (ЕСА) мен Еуропалық футбол агенттері қауымдастығының (EFAA) 2018 жылғы Globe Soccer Awards марапатына үміткерлер тізімін жариялады. Бұл қатарға әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси енбей қалды. Бұл марапат 2010 жылдан бері табысталып келеді. Алғашында футбол агенттері мен режиссерлерге берілді. Футбол саласында жүрген мамандарды марапаттау мақсатында құрылған. Араға 1 жыл сала сыйлықтың аясы кеңейе түсті. Жыл өткен сайын арнайы аталымдар саны да артып келеді. Globe Soccer Awards марапатына жылдың үздік футболшысы аталымы бойынша Криштиану Роналду төрт рет (2011, 2014, 2016, 2017) ие болған. Радамель Фалкао (2012), Франк Рибери (2013) мен Лионель Месси (2015) де бұл марапатты еншілеген. Биылғы үміткерлер тізіміне Антуан Гризманн(Атлетико),Криштиану Роналду(Ювентус) жәнеКилиан Мбаппе(ПСЖ) еніпті. Үздік жаттықтырушы марапатына биыл Дидье Дешам(Франция құрамасы),Юрген Клопп(Ливерпуль),Массимилиано Аллегри (Ювентус),Диего Симеоне(Атлетико Мадрид) жәнеЗинедин Зидан (өткен маусымда Реалды жаттықтырған) үмітті. Ал жылдың үздік командасы атану үшін Ливерпуль, РеалжәнеАтлетико таласады. 2018 жылғы Globe Soccer Awards сыйлығының марапаттау рәсімі жылдағыдай Дубайда өтеді. 3 қаңтарға жоспарланған. Месси Барселонаны кері тартып жүрген футболшыларды атады Футбол әлемінде жеке ойыншылар мен осы салада жүрген мамандарға берілетін марапаттар аз емес. Олардың ішінде мәртебелі деп Алтын доп пен FIFA тағайындаған The Best сыйлығын айтуға болады. Айта кетейік, France Football журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым Алтын доп иегерін өздері анықтаса, ФИФА The best сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл The Best сыйлығы үшінші рет табысталды. Оны хорват Лука Модрич иеленді. Ал Алтын доп иегері 3 желтоқсан күні Парижде өтетін салтанатты кеште анықталады.