- Негізгі бет
- Бұл қызық
- «Adidas» әлемдегі ең...
«Adidas» әлемдегі ең жеңіл футбол аяқ киімін таныстырды
Спорттық тауарлар шығаратын әйгілі «Adidas» компаниясы әлемдегі ең жеңіл футбол аяқ киімін (бутсы) таныстырды. Оның салмағы бар болғаны 99 граммды ғана құрайды екен.
«Adidas» ұсынған жаңа бутсы «Аdizero 99g» 299 ғана данамен шығарылыпты. Қазіргі таңда бұл бутсыны «Реал» шабуылшысы Карим Бензема мен «Бавария» қорғаушысы Давид Алаба сатып алып үлгерген. Компания қызметкерлері жеңіл аяқ киім футболшының барынша жылдамдығын арттыруға ыңғайлы деп санап отыр.
- Футболшылар өздеріне алаңда ыңғайлы болу үшін жеңіл бутсы таңдайды. Себебі, жеңіл бутсы жылдамдықты арттыруға ыңғайлы. Дизаины да футболшыларға ұнайды деген сенімдеміз, - деген компания менеджері Хазим Кулак.
Қазіргі ойыншылар киіп жүрген бутсылардан екі есе жеңіл жаңа «Аdizero 99g» сынақтан өтуде. Егер Карим Бензема мен Давид Алабадан өзге ойыншыларға да ұнап жатса, көптеп шығарылмақ.
Сурет: bestgoal.ru
О. Сансызбай