Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында қазылық жасаған төрешілердің барлығын уақытша қызметтерінен шеттетті.
- Қайта қарау жұмыстары аяқталғанша барлық 36 төреші жарыстардан уақытша шеттетіледі, - деген 3-5 қазан күндері Лозаннада өткен ұйым отырысының қорытындысы бойынша шыққан ресми хабарламада.
Айта кетейік, AIBA Олимпиада ойындары кезінен бастап-ақ бірнеше төрешілерді жарыстардан шеттетіп үлгерген еді. Олардың қатарында қазақстандық Рахымжан Рысбаев та бар болатын.