AIBA Рио Олимпиадасында қазылық жасаған төрешілер ісін қайта қарайды

AIBA Рио Олимпиадасында қазылық жасаған төрешілер ісін қайта қарайды
Фото: vesti.kz

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында қазылық жасаған төрешілердің барлығын уақытша қызметтерінен шеттетті.

- Қайта қарау жұмыстары аяқталғанша барлық 36 төреші жарыстардан уақытша шеттетіледі, - деген 3-5 қазан күндері Лозаннада өткен ұйым отырысының қорытындысы бойынша шыққан ресми хабарламада.

Айта кетейік, AIBA Олимпиада ойындары кезінен бастап-ақ бірнеше төрешілерді жарыстардан  шеттетіп үлгерген еді. Олардың қатарында қазақстандық Рахымжан Рысбаев та бар болатын. 

О. Сансызбай