- Негізгі бет
- Бұл қызық
- 92 жастағы кейуана...
92 жастағы кейуана жүгіруден рекорд жаңартты
Фото:
tn.kz
АҚШ-та 92 жастағы кейуана марафон рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Lenta.ru BBC News басылымына сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінше, Харриетт Томпсон (Harriette Thompson) марафон қашықтығын сәтті жүгіріп шыққан ең кәрі әйел атанды. Ол Сан-Диего марафонын 7 сағат 24 минут 36 секундта жүгіріп өтті. Оның жанында 56 жастағы ұлы Бренни болды.
"Рекорд жаңарған кезде Томпсонның жасы 92-ден 65 күн асты. Бұған дейінгі рекорд иесі Глэдис Бэрриллдің (Gladys Burrill) жасы 92-ден 19 күн асқан болатын. Ол 2010 жылы Гонолулу марафонын жүгіріп өтті", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, бұған дейін Томпсон ауыз қуысының обырымен үш мәрте күресіп, ақырында жазылып кеткен.
М. Бисембаева