Бразилия ойыншыларының қайсысын алып қарасаңыз да, доппен туғандай. Барлығының аяғына түскен доп оңайлықпен қарсыластардың пайдасына өтіп кетпейді. Сонау Пеле мен Гарринчадан бастап, кешегі Роналдо, Роналдинью секілді мықтылардың қатарына бүгінгі Неймар да қосылып келеді. Жасаған қимылдары, ерекше техникасы 90 минуттың көрігін қыздырып қана қоймай, футбол ойнауға деген аңсарыңызды ашатыны белгілі. Сонымен қатар өз кезеңінде Роберто Карлостың жойқын соққыларына төтеп берер қақпашылардың да табылмағанын тілге тиек еткіміз келеді. Бір сөзбен айтқанда әлемді аузына қаратқан Бразилия ойыншыларының үздік сәттерін топтастырып, назарларыңызға ұсынамыз.