WBC жасырған 4 айырмашылықты тауып көріңіз

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) «twitter» әлеуметтік желісінде қазақстандық Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жекте түсірілген бір суретті екі нұсқада жариялап, бір-бірінен айырмашылығын табуды ұсынды. Бір қарағанда айырмашылық жоқтай болып көрінгенмен, барлап қарасаңыз айырмашылығын таба аласыз. Олай болса, WBC жасырған 4 айырмашылықты сіз де тауып көріңіз.