- Негізгі бет
- Бұл қызық
- 30 секундта 228...
30 секундта 228 рет секіріп рекорд жасады
Фото:
reactor.inform.kz
Қытайлық спортшы Цэнь Сяолинь секіргішпен секірудің сайыпқыраны атанды. Ол белгілі бір уақыт ішінде секіру бойынша әлем рекордын тіркеді.
17 жастағы бала жаңа рекордты Шанхайдағы халықаралық турнирде орнатты. Ол 30 секунд ішінде 228 рет секірді. Осылайша Гиннес рекордтар кітабына енді.
Цэнь Сяолинь көз ілеспес жылдамдығы және ерекше дарыны арқылы барша жұртты таңдандырды. Ол секіргенде секіргішті көп көрермен аңғармай да қалды. Тіпті төрешілер үшін санаудың өзі оңай болмаған.
Қытайлық спортшы 30 секунд ішінде ең көп секіру рекордын 2015 жылы өзі жасаған. Ол кезде 108 рет секірген еді.
Н. Үсенова