Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2018 жылғы Әлем біріншілігінің финалдық кездесуі Мәскеудің «Лужники» стадионында өтеді деп бекітті.
Бұл туралы шешім 14 желтоқсан күні Жапонияның астанасы Токио қаласында ФИФА-ның кезекті отырысында қабылданды. Сонымен қатар «Лужники» алаңында 2018 жылғы әлем мундиалының ашылу салтанаты мен бір жартылайфиналдық кездесу өтеді.
Жиналыс барысында 8 шілде мен 8 маусым аралығындағы әлем біріншілігін қабылдайтын Ресейдің 11 қаласын да таңдады. Олар – Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Саранск, Ростов-на-Дону, Сочи, Қазан, Калининград, Волгоград, Төменгі Новгород және Екатеринбург.
Сондай-ақ Токио жиналысында 2017 жылғы Конфедерация Кубогі өтетін қалалар бекітілді. Олардың қатарында Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи, Қазан қалалары бар.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: eurosport.ru