2015 жылғы «Қазақстан барысының» жүлде қоры өткен жылғы тұрақтылығын сақтап қалып отыр. Биылғы республикалық доданың жүлде қоры да 225 000 АҚШ долларын құрайды.
«Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман Төлегенұлы Шораев осыған дейін республикалық турнирдің жүлде қоры жоғарылайтыны туралы айтқан болатын. Кейіннен қаржылық жағдайларға байланысты азаюы мүмкін екені де айтылған-ды. Бүгін белгілі болғандай, 2015 жылғы «Қазақстан барысының» жүлде қоры 225 000 АҚШ долларын құрап отыр. Оның ішінде 35 000 АҚШ доллары спортшылардың жаттықтырушыларына тағайындалған.
І орын – 150 000 АҚШ доллары;
ІІ орын – 30 000 АҚШ доллары;
ІІІ орын – 10 000 АҚШ доллары;
Айта кетейік, 2015 жылғы «Қазақстан барысы» 5 шілде күні Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрек кешенінде өтеді.
Ұқсас жазбалар
2015 жылғы «Қазақстан барысы» қандай жүйеде өтеді?
2015 жылғы «Қазақстан барысына» қатысатын балуандар
Қазақ күресі спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы құрамына енді