2015 жылғы кәсіпқой бокстағы үздік 100 нокдаун (видео)

2015 жылғы кәсіпқой бокстағы үздік 100 нокдаун (видео)
Фото: vk.com

Бокс жанкүйерлері үшін нокдаун термині таныс та шығар. Десе де нокдаунның да түрлері бар. Назарларыңызға 2015 жылдың үздік 100 нокдаунын ұсынбай тұрып, бұл ереже туралы аз-кем ақпарат бере кеткенді жөн санап отырмыз.

Боксшылардың бірі қарсыласын жойқын соққысымен есеңгіреткенде нокдаун жарияланады. Төреші 10-ға дейін санағанша боксшы орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастыра алмаса нокаут болып есептеледі.

Нокауттан кейін жекпе-жек жалғаспайды. Ал нокдауннан кейін боксшы өз қалпына келсе кездесу жалғаса береді. Дегенмен нокдаунның да түрлері бар. Мысалы, боксшы тұрған бойында да нокдаун алуы мүмкін. Қарсыласының ауыр соққысынан кейін боксшы шаршы алаңдағы арқандарға арқа сүйеп есін жияр болса нокдаун жарияланады. Сондай-ақ кіші нокдаундар да болады. Ол боксшы қолымен немесе тізесімен рингке жығылғанда жарияланады.

Боксшы нокаут арқылы мезгілінен бұрын жеңіске жетсе, нокдаун нәтижесі жоғары ұпайларға ие болуына көмектеседі. Одан өзге бір раундта қарсыласын үш рет нокдаунға жіберген боксшы мезгілінен бұрын жеңіске жетеді. Негізінен бұл ереже тек WBA аясында өткен жекпе-жектерде ғана қолданылады. 

Қарсыласының ауыр соққысынан кейін боксшы шаршы алаңнан шығып кетер болса, оның жекпе-жекті жалғастыруына 20 секунд уақыт беріледі. 

Назарларыңызға кәсіпқой бокста 2015 жылы өткен жекпе-жектердегі үздік 100 нокдаунды ұсынамыз. Олардың қатарында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің де жекпе-жектері бар.

О. Сансызбай