- Негізгі бет
- Бұл қызық
- 100 жастағы әйел...
100 жастағы әйел 100 метрге жүгіруден рекорд орнатты (видео)
Фото:
eurosport.ru
Америкалық қарт Ида Килинг 100 метрге жүгіруден жас мөлшері 80-нен асқан жандар арасында әлем рекордын орнатты. Ол аталған қашықтықты 1 минут 17 секундта жүгіріп өтті.
- Құлшынысың мен талабың болса, кез келген арманыңды бағындыра аласың. Мен ешқашан әлсіз болғым келмейді, - дейді америкалық.
Мамыр айында 101 жасқа толатын Ида Килинг спортпен айналысуды 67 жасында бастаған екен.
О. Сансызбай