- Негізгі бет
- Бұл қызық
- 10 жасар қазақстандық...
10 жасар қазақстандық 1000 рет серіппе жаттығуын жасады
Серіппе жаттығуынан балалар арасында әлемнің төрт дүркін рекордсмені 10 жасар Әмір Махмет Қазақстан Олимпиада құрамасын қолдау мақсатында 1000 рет серіппе жаттығуын жасап, өз рекордын жаңартты.
Әмір кезекті рекордын Бурабайдағы «Бөлектау» шыңында жасады. Бұл жетістікті Қуандық Құдайбергенов Қазақстан рекордтар кітабына тіркеді.
Айта кетейік, Әмір алғашқы рекордын (450 рет) 2015 жылдың 1 маусымында Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған Street Workout жазғы маусымының ашылуында, екінші рекордын (30 секундта 50 рет) Street Workout-тан Ақмола облысы біріншілігінде, үшінші рекордын (550 рет) 2015 жылдың қыркүйегінде Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында, ал төртінші рекордын (60 минут «планка» ұстау) Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек қарсаңында жасады.
Дереккөз: bnews.kz
Е. Жұмабайұлы