Massaget.kz порталы қолданушыларға жаңа мүмкіндік ұсынып отыр.
Алдағы 3 күн бойы: 22, 23, 24 сәуір күндері Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге байланысты кез келген сұрақтарыңызды "Ұлттық тестілеу орталығының" директоры Қали Сейілбекұлы Әбдиев мырзаға қоя аласыздар.
Ол үшін порталымызға тіркеліп, төмендегі пікір білдіру алаңына өзіңізді толғандыратын сұрақтарды жазуыңызға болады. Қали Сейілбекұлы мырза қойылған әрбір сұраққа жеке жауап береді. Берілген жауапты поштаңызға келіп түсетін хабарламадан немесе осы жазбаның төменгі тұсындағы пікір білдіру алаңынан оқи аласыздар.
Айта кетейік, Қали Сейілбекұлы Әбдиев 1956 жылы дүниеге келген. 1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Бірнеше жыл Қазақстанның жоғары оқу орындарында қызмет атқарған. 1997-2007 жылдары статистика саласында еңбек етті. 2010 жылдан бері "Ұлттық тестілеу орталығының" директоры болып қызмет атқарып келеді.
Құрметті қолданушылар! Бүгін, яғни 24 сәуір күні Қали Сейілбекұлына сұрақ қою аяқталды. Қолданушылардың сұрақтарына жауап берген Қали Сейілбекұлына Massaget.kz ұжымы алғыс білдіреді. Белсенділік танытқандарыңыз үшін баршаңызға рақмет!