ҰБТ. Видео: Алматыдағы Азаматтық авиация академиясына шолу

Азаматтық авиация академиясы азаматтық авиация саласындағы инженерлер мен техниктер, ұшқыштар дайындайтын оқу орны.

Академияда күндізгі немесе сырттай бөлімде оқуға болады. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Академияда алынған білім, сонымен қатар, машина жасау, автомобиль өнеркәсібінде, ғылыми-техникалық және коммерциялық құрылымдарда, банктерде, қарулы күштерде, газ және мұнай компанияларында, қауіпсіздік қызметтерінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Академия балансында бір ұшақ бар: ЯК-40

Айта кетелік, академия аясында авиациялық колледж де қызмет етуде. Олай болса, оқу орнындағы мамандықтарға тоқалып өтейік.

АКАДЕМИЯ МАМАНДЫҚТАРЫ

БАКАЛАВРИАТ

Оқу мемлекеттік білім беру гранттары бойынша және ақылы негізде жүргізіледі. Оқу курсы аяқталғаннан кейін студенттерге бакалавр академиялық дәрежесі беріледі:

Ø 5В071400 Авиациялық техника және технологиялар

Дайындық келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:

· Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды техникалық пайдалану.

·Азаматтық авиацияның әуежайлары мен әуе кемелерін жанармаймен қамтамасыз ету жүйесі мен нысандарды пайдалану және қызмет көрсету.

· Авионика жүйелерін техникалық пайдалану.

·Әуе қозғалысы мен навигациясына қызмет көрсету.

·Әуе көлігімен жүк және жолаушыларды тасымалдау кезіндегі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.


Ø 5В074300 Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

Дайындық келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:

· Ұшақтар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану.

· Тікұшақтар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану.

Аталған мамандыққа түсушілерге міндетті түрде Дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясынан (ВЛЭК) өту қажет.

Байланыс телефондары:

- Алматы 8(727)3838399,

- Астана 8(7172)286544,

- Шымкент 8(7252)455030.

Ø 5В090100 Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Дайындық келесі білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі:

·Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Ескерту:

Таңдалған мамандық бойынша студенттер білім беру бағдарламасын (мамандық) таңдауды оқудың бірінші курсын аяқтаған соң жүзеге асырады. Топтардың мамандануы берілген өтініштердің саны мен үлгерім рейтингісіне байланысты қалыптасады


МАГИСТРАТУРА

Магистратурада оқыту мемлекеттік білім гранты және ақылы негізде  жүргізіледі. Толық оқу курсы аяқталғаннан кейін магистр академиялық дәрежесі беріледі:

6М071400 Авиациялық техника және технологиялар;

6М090100 Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;

6М074300 Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану.

Оқу мерзімі:

Ғылыми-педагогикалық магистратура-2 жыл.

Академияның жанында халықаралық стандарттарға сай авиация саласының қызметкерлерін алғашқы дайындықтан өткізу, дайындау және олардың кәсіби деңгейін көтеру үшін келесі оқу орталықтары құрылды:

· PART-147 бойынша оқу орталығы

·Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері үшін Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымының авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы (ICAO)

·Әуе жол серіктерін дайындау бойынша оқу орталығы

Аталған орталықтарда 18 жасқа толған, білімі жалпы орта білім (11сынып ) негізінде білімі бар тұлғалар оқи алады.

Азаматтық Авиация Академиясы мен Авиациялық колледжде білім алатын студенттер, негізгі оқуына қосымша ретінде аталған оқу орталықтарының дайындығынан өтіп, белгіленген үлгідегі сертификатты ала алады.


КОЛЛЕДЖ МАМАНДЫҚТАРЫ

Колледжде оқыту грант бойынша және ақылы түрде келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: 

Ø 1202000 – Тасымалды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша).

Дайындық келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындалады:

·Тасымалды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару,

біліктілігі – ұйымдастырушы техник.

·Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұйымдастыру, біліктілігі-авиациялық қауіпсіздік бойынша техник. Қабылдау 11 сынып негізінде.

·Әуе билеттерін брондау, сату және ұйымдастыру, біліктілігі –кассир (билет сататын).

Ø 1205000 - Қозғалысты басқару және әуе көлігін пайдалану.

Дайындық келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындалады:

·Әуе қозғалысын ұйымдастыру, біліктілігі – әуе қозғалысының (ұшақтың) диспетчері. Қабылдау 11 сынып негізінде.

·Ұшақтарды және қозғалтқыштарды пайдалану біліктілігі – ұшқыш. Қабылдау 11 сынып негізінде.

·Әуе көлігі бортында қызмет көрсетуді ұйымдастыру, біліктілігі – әуе жол серігі.

Қабылдау 11 сынып негізінде.

· Әуе көлігін техникалық пайдалану, біліктілігі – техник-механик.

· Әуе көлігін жанармаймен қамтамасыз ету жүйелеріне және объектілеріне қызмет көрсету және пайдалану, біліктілігі – жанар-жағар май авиатехнигі.

Әуе қозғалысының (ұшақтың) диспетчері, ұшқыш, әуе жол серігі мамандықтары үшін міндетті түрде Дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясынан (ВЛЭК) өту қажет.

Байланыс телефондары:

- Алматы 8(727)3838399,

- Астана 8(7172)286544,

- Шымкент 8(7252)455030.

Ø 1310000 – Көліктік радиоэлектрондық құрал-жабдықтарды техникалық пайдалану (көлік түрлері бойынша).

Дайындық келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындалады:

·Көліктік радиоэлектрондық құрал-жабдықтарды техникалық пайдалану, біліктілігі – техник-электрик.

·Әуе көлігінде ұшу-навигациялық кешендерді және жердегі радилокациялық жүйелерді техникалық пайдалану, біліктілігі –радионавигация, радиолокация және байланыс жөніндегі техник.

·Әуежайларда ұшуды қамтамасыз ету жүйелерінің электржарықтехникалық жабдықтарына қызмет көрсету және техникалық пайдалану, біліктілігі – электр механик.

Ø 0515000 - Менеджмент.

Дайындық келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындалады:

· Әуе көлігіндегі менеджмент, біліктілігі – менеджер.

Ø 0519000 – Экономика.

Дайындық келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындалады:

· Азаматтық авиациядағы экономика, біліктілігі – экономист.

Академияның жанында халықаралық стандарттарға сай авиация саласының қызметкерлерін алғашқы дайындықтан өткізу, дайындау және олардың кәсіби деңгейін көтеру үшін келесі оқу орталықтары құрылды:

·PART-147 бойынша оқу орталығы

·Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері үшін Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымының авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы (ICAO)

·Әуе жол серіктерін дайындау бойынша оқу орталығы

Аталған орталықтарда 18 жасқа толған, білімі жалпы орта білім (11сынып ) негізінде білімі бар тұлғалар оқи алады.

Азаматтық Авиация Академиясы мен Авиациялық колледжде білім алатын студенттер, негізгі оқуына қосымша ретінде аталған оқу орталықтарының дайындығынан өтіп, белгіленген үлгідегі сертификатты ала алады.

ПРАКТИКА

Студенттер ғылыми тәжірибеден әртүрлі халықаралық әуекомпанияларында өтеді.

 

Дайындаған: Еркебұлан Сатқанбаев

Видео: Еркебұлан Сатқанбаев

Материалды дайындауға үлес қосқан және ақпараттармен қамтамыз еткен Азаматтық авиация академиясының басшылығына және баспасөз қызметіне алғыс білдіреміз

Басты сурет: m-astana.kz