Шетелде оқуды арман ететін түлектердің қатары көп. Алайда өзге елде оқудың мүмкіндіктері турасында көп біле бермейміз. Бүгін біз Түркиядағы «Түркия бурслары» (Türkiye Bursları) бағдарламасы жайында сөз етеміз.
Түркияның саяси және экономикалық саладағы тұрақты дамуы шетелдік студенттердің осы елді таңдауындағы маңызды бір фактор болып отыр. Елдің ішкі құрылымы мен білім жүйесінің жаңаланып, батыс стандарттары негізінде жетілуі нәтижесінде білім саласының маңызы арта түсті.
Ертеректе Түркияда шетелдік студенттерге арналған «Түркия Республикасының сынағы» бағдарламасы жұмыс істеді. Бұл бағдарлама Түркиядағы Ұлттық білім министрлігі жанынан құрылды.
Бағдарламаның аты 2012 жылдан бастап «Түркия бурслары» болып өзгертіліп, Шетелдегі Түркі тілдес халықтар министрлігінің қарамағына берілді.
Бұл бағдарлама бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттердің саны жыл сайын артып келеді.
Бағдарлама бағыттары:
1. Түркі тілдес елдер шәкіртақы бағдарламасы (Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр, Түркия Республикасы).
2. Балқан шәкіртақы бағдарламасы (Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Хорватия, Черногория, Косова, Македония, Сербия, Словения, Грекия).
3. Қаратеңіз шәкіртақы бағдарламасы (Беларусь, Эстония, Грузия, Литва, Латвия, Молдавия, Румыния, Ресей, Словакия, Украина, Польша, Чехия, Армения, Венгрия).
4. Харран шәкіртақы бағдарламасы (Вангладеш, Палестина, Ирак, Иран, Ливия, Пәкістан, Сирия, Тәжікстан, Иордания, Йемен, Ауғанстан).
5. Түркия-Африка шәкіртақы бағдарламасы (Африканың 50-ден астам елі).
6. Бұғазіші шәкіртақы бағдарламасы (Орталық және Оңтүстік Америка, Азия мемлекеттері).
Мамандар саласы:
* Білім және технология
* Әлеуметтік білімдер
* Медицина ғылымдары
* Теология
* Түрік тілі
Талапкерлер төменде берілген Түркияның 15 қаласындағы 40 университеттің кез келгенін таңдай алады. «Түркия бурслары» бағдарламасы мен осы университеттер арасында арнайы келісімшарт жасалған.
Akdeniz Üniversitesi
Мемлекеттік
Анталия
Anadolu Üniversitesi
Мемлекеттік
Eskişehir
Ankara Üniversitesi
Мемлекеттік
Ankara
Atatürk Üniversitesi
Мемлекеттік
Erzurum
Atılım Üniversitesi
Жеке меншік
Ankara
Başkent Üniversitesi
Жеке меншік
Ankara
Boğaziçi Üniversitesi
Мемлекеттік
İstanbul
Çukurova Üniversitesi
Мемлекеттік
Adana
Dokuz Eylül Üniversitesi
Мемлекеттік
İzmir
Ege Üniversitesi
Мемлекеттік
İzmir
Erciyes Üniversitesi
Мемлекеттік
Kayseri
Eskişehir Osmangazi Üniversitesi
Мемлекеттік
Eskişehir
Fatih Sultan Mehmet Vakıf Üniversitesi
Жеке меншік
İstanbul
Galatasaray Üniversitesi
Мемлекеттік
İstanbul
Gazi Üniversitesi
Мемлекеттік
Ankara
Gaziantep Üniversitesi
Мемлекеттік
Gaziantep
Gebze Yüksek Teknoloji Enstitüsü
Мемлекеттік
Kocaeli
Hacettepe Üniversitesi
Мемлекеттік
Ankara
İstanbul Aydın Üniversitesi
Жеке меншік
İstanbul
İstanbul Medeniyet
Мемлекеттік
İstanbul
İstanbul Teknik Üniversitesi
Мемлекеттік
İstanbul
İstanbul Ticaret Üniversitesi
Жеке меншік
İstanbul
İstanbul Üniversitesi
Мемлекеттік
İstanbul
İzmir Yüksek Teknoloji Enstitüsü
Мемлекеттік
İzmir
Kadir Has Üniversitesi
Жеке меншік
İstanbul
Karadeniz Teknik Üniversitesi
Мемлекеттік
Trabzon
Kocaeli Üniversitesi
Мемлекеттік
Kocaeli
Koç Üniversitesi
Жеке меншік
İstanbul
Konya Necmettin Erbakan Ünversitesi
Мемлекеттік
Konya
Marmara Üniversitesi
Мемлекеттік
İstanbul
Mimar Sinan Güzel Sanatlar Üniversitesi
Мемлекеттік
İstanbul
Ondokuz Mayıs Üniversitesi
Мемлекеттік
Samsun
Orta Doğu Teknik Üniversitesi
Мемлекеттік
Ankara
Sakarya Üniversitesi
Мемлекеттік
Sakarya
Selçuk Üniversitesi
Мемлекеттік
Konya
Trakya Üniversitesi
Мемлекеттік
Edirne
Uludağ Üniversitesi
Мемлекеттік
Bursa
Yeditepe Üniversitesi
Жеке меншік
İstanbul
Yıldırım Beyazıt Üniversitesi
Мемлекеттік
Ankara
Yıldız Teknik Üniversitesi
Мемлекеттік
İstanbul
Түсу шарттары:
Бұл бағдарлама Бакалавр, Магистратура, Докторантура және Зерттеу жұмыстарына түсуші талапкерлерге білім гранттарын береді.
Бакалаврға 01.01.1993 жылдан кейін туылғандар қабылданады.
Магистратураға 01.01.1984 жылдан кейін туылғандар қабылданады.
Докторантураға 01.01.1979 жылдан кейін туылғандар қабылданады.
Зерттеу жұмыстарына 01.01.1969 жылдан кейін туылғандар қабылданады.
Бакалаврға түсуші талапкерлерге әр жылдың 01.05 - 30.05 (мамыр айының бірі мен отызы) аралығында онлайн тіркелу жүргізіліп, өтініштер қабылданады.
Магистратура, Докторантура академиялық дәрежесіндегі мамандықтарға әр жылдың 01.03 - 31.03 (наурыз айының бірі мен отыз бірі) аралығында онлайн тіркелу жүргізіліп, өтініштер қабылданады.
Кезеңдері:
1. Онлайн құжат тіркеу
Бірінші кезеңнен өту үшін Бакалаврға түсуші талапкерлерге аттестат бағасы, Магистратура мен Докторантураға тапсырушыларға диплом бағасы (GPA) керек.
* Мектеп бітірген түлектердің аттестаты мен ҰБТ-ден алған көрсеткіші орта есеппен 75%-дан жоғары болуға тиіс.
* Медицина мамандығына тапсырушы түлектердің (Бакалаврға) аттестат пен ҰБТ-дан алған көрсеткіш орта есеппен 90%-дан аз болмауға тиіс.
* Магистратура мен Докторантураға тапсырушылардың диплом бағасы (GPA) 75%-дан жоғары болуға тиіс.
* Жеке жетістіктер
* Мінездеме
* Халықаралық сынақтар көрсеткіші (егер болса).
Талапкерлерге жалған мәлімет беруге қатаң түрде тыйым салынады. Екінші кезеңге өткен-өтпегені жөніндегі хабар электрондық мекенжайына жолданады.
Бакалаврға тапсырушылар ҰБТ көрсеткішін екінші кезеңге өткеннен кейін көрсетеді.
2. Ауызша сынақ (әңгімелесу)
Екінші кезеңде талапкерлермен көзбе-көз сұхбат жасалады. Бұл жерде талапкердің білім деңгейі, ғылыми жұмыстары және жарияланған мақалалары қаралып, ойы, мақсаты, жеке көзқарасы, таным-түсінігі сараланады.
Үстемдіктер:
- Транспорттық шығындар (оқуға алғаш келу мен оқу бітіріп қайтқандағы ұшақ билеті) тегін.
- Шәкіртақы (Бакалавр - 550 TL, Магистратура - 800 TL, Доктарантура - 1100 TL).
- Тегін жатақхана.
- Екі мезгіл (таңғы және кешкі) тегін ас.
Қосымша мәліметтерді «Түркия бурслары» бағдарламасының жеке сайтынан (www.turkiyeburslari.gov.tr) алуға болады.
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: turkiyeburslari.gov.tr, sungate.kz