"Ағымдағы жылы қорытынды аттестаттауды ҰБТ түрінде тапсыруға 92086 бітіруші тілек білдірді, оның ішінде: 63606 қазақ тілінде және 28480 орыс тілінде", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 2013 жылы тестілеуге берілген өтініштер саны 99565-ті құраған, оның ішінде 68315-і қазақ тілінде және 31250-і орыс тілінде еді.
Кеше, 2 маусым күні өтілген тестілеудің алғашқы күнінде тестілеуге 26147 бітіруші қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 18417, орыс тілінде – 7730. Өту деңгейінен өте алмағандар – 6233, оның ішінде қазақ тілінде – 4721, орыс тілінде – 1512. Бес пән бойынша 100-ден жоғары балл жинағандар – 3797, оның ішінде қазақ тілінде – 2322, орыс тілінде – 1475. Ал тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар – 1615.
Тестілеу 61 ҰБТ өткізу пунктінің базасында өтті.
Сонымен мүмкін болған, яғни ең жоғары 125 балды 1 бітіруші жинады:
- «Әбдіжапар Айғаным Бақытқызы», «№178 лицей», тестілеуді Халықаралық білім беру корпорациясының базасындағы ҰБТӨП-те (Алматы қаласы) тапсырған;
Айта кетелік, Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесі мен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, 2014 жылы ҰБТ маусымның 2-сі мен 8-і аралығында өткізіледі.