Зытып барамын...қашып барамын...

 

...Ішім бір сұмдықты сезеді.Қашып бара жатырмын,қашып бара жатырмын..."зытып барам,зытып барам,алды-артыма қарамай зытып барам" демекші зытып барамын,қайда барып тоқтайтыным белгісіз.Гуілінен құлақ тынатын жел де жоқ,ешқандай дыбыс жоқ,кетіп барамын әйтеуір,қашып барамын.Қараңғылықтың қамытын киген айналадан қашып шығуға тырысып зытып барамын.Бос кеңістікте ұшып жүрген үрленген шардай аласұрып,ұшып-қонып кетіп барамын.Алдымнан бір нәрсе шықса быт-шытымның шығары сөзсіз.Көзіме небір оқиғалар елестейді,бұл жерде түнде жүруге болмайды деуші еді.Бірақ бұл қай жер,неге қашып барамын,не себепті?Бұл сұрақтарға өзімде жауап таба алмай келемін.......

.....Жаңғырық.Шу.Ащы дыбыс.Айқай.Тәуба,бұл сұмдықтардан аманмын.Тек жүректе қалған жаңғырық жанымды өртеп барады...Өртеп барады...

...Денем мұздап,дірдектеп қашып барамын.Түннің салқыны емес мені тоңдырып жатқан,мына үрей-қорқыныш,жалғыздық.Қараңғылықтан әлі жол тауып шыға алмай жатырмын...

...Кенеттен алдымнан бір нәрсе қылаң ете қалды.Жүрегім тоқтап қала жаздады.Артқа шегінейін десем ол үдетіп маған қарай анталап келе жатыр.Көзі қанға боялған,түсі суық,аш бөрідей айуанға ғана емес адамға шабатын бұл не нәрсе деп ойладым.Тұрған орнымда қатып қалдым,аяғымды әрі қимылдатамын,бері қимылдатамын,баса алмаймын.Зәрем зәр түбіне жетіп,көзіме о дүние елестей бастады,өңім қуарып,жүрек дүрсілдеп қатты соға бастады.Қатты соққаны соншалық,жүрегім орнынан суырылып жерге топ етіп түсе қалатындай күйде тұрмын.Тынысым тарылып бұл дүниенің кеңдігі құрып қалғандай көрінді,алдымнан мені көрге қарай әкетпекке келген ағаш табыт елестейді.Құдайым-ау,10 секундтың ішінде миыма неше түрлі бәлелер кіріп шықты.Жалғыздық түбіне жетіпті ғой деп айтатын шығар мені білетін адамдар деп те ойлап қоямын.Дұрыс болды,құтыла алмай жүрген едік деп те біреулер ой түйер ме еді...

...3 секундым қалды жарық дүниемен қоштасуға:

1-ші секунд-"Біссімілланы" айта бастадым.

2-ші секунд-Менің көзімді жоятын нәрсені көрдім және қуаныштан төбем көкке жетті.

3-ші секунд-Ол менің құтқарушым екен!Жебеушім!Өз қолын ұсынды да мені жарық әлемге қайта әкелді.

Жаңадан бері көзіме жаманшылық болып елестеген беймәлім затты мен де тани алмадым.Қолын созып,жанымды алмаққа келді ме дегенім қол ұшын беріп әсем дүниеге қайта әкеліп тастады.Адам дейін десем адам емес,елес те емес,мақұлық та емес.Маған "періште" атанып кетті.Менің жебеуші періштем...

...Неден қаштым,неге қорықтым,кім мені құтқарған?Жұмбақ...Шешімін табу уақыттың еншісінде...



Бөлісу: