Біздің үйдегі кішкентай батырды ертіп алып зоопаркке бардық осы демалыста. «Аң патшасы арыстанды көруге бара жатырмын!» деп батырымыз мәз-мейрам.
Елдің бәрі неше түрлі хайуанаттарды «тірідей» көріп, қызықтап, көңілді. Ал менің хайуанаттардың жағдайларына қарап қатты жаным ашыды.
Тап-тақыр цементтің үстінде, аядай ғана темір тордың ішінде аптап ыстықта жолбарыс шығар есік іздегендей төрт қабырғаны жағалай сенделді де жүрді. Маймылдардың көздерінен қажығандық байқалады (әлде маған солай көрінді маJ) ағаштан-ағашқа секіріп асыр салар орман жоқ, темір тордың бір бұрышында отыр байғұс. Аюларға тіпті қиын екен, мына ыстықта қалың шубамен жүру оңай дейсіз бе. Пысылдап, өзеуреп, тордың ішін алас ұрып жүр, суреттегі екі аю амал жоқтан шаршап құлаған сияқты. Қай-қайсысына қарасам да осы көрініс. Ең сорақысы сол – аңдар осылай бір-екі күн ғана қиналмайды, өлгенше осы темір тор(((
Барлығы да көсіліп бір шабатын кең даланы, ыстық күнде көлеңкесін саялап, мөлдір, салқын суына шомылар нулы, сулы орманды, кең даланың самал желін аңсайтын сияқты. «Мадагаскар» мультфильмі еріксіз есіңе түседі екен.
Обшым, аңдарға қиын екен деп зопаркты таратып жібермейміз ғой))). Мені мазалайтыны біздің қаладағы зоопарктегі аңдардың жағдайлары. Түрмеден бір айырмашылығы жоқ темір торларын сәл кеңітіп, кішкене табиғаттың нышандарын берсе. Көрме залына желдеткіш қойса, сасық иістен ішіне кіру мүмкін емес.
Ал енді позитив...
Зоопаркте жағдайлары жақсылар – тауықтар екен. Ауылда қорада қалай жүреді зоопаркте де солай спокойно екі шоқып бір қарап жүр ғой)))
Сіздердің қалаларыңыздағы зоопарк тұрғындарының жағдайлары қалай?