ЗОМБИ ҚОҒАМ

Маған кейде қазіргі қоғамдағы адамдар зомби сияқты көрінеді. Көшеде кетіп бара жатсаң меңдуана жеген қойдай мәңгірген пенделер өз бетімен жүреді де қояды. Ал біреулері тек басқаның ықпалымен құлықсыз жортып бара жатқан тәрізді. Аға буын жазушылардың естеліктерін оқып отырсаң, ол заманындағылардың қарым-қатынасы кәдімгі бір-бірінің тілін түсінетін адамша болған ғой. Ал бүгін автобусқа мінсең немесе аялдамада тұрсаң біреуден жол сұрау да қиын. Үлкендер тіпті орын бер деуден қалды. Естімейді. Жолда жүріп біреу қағып кеткелі жатса да бейғам. Құлағындағы "наушник" арқылы басқа бір тылсым әлеммен байланысқан. Ал біреулері енді сөйлей берсең бетіңе қарап тұрып жеп қоярдай ащы дауыспен "А?" дейді. Тыжырайған түрінен қорқып ары қарай сұрауға батпайсың. Әйтпесе, әп әдемі қаракөз қыз ғой. Адамдардың барлығы біртүрлі "зомбиланып" бара жатқан соң, көшеде ешкімге сөйлеп опа таппайтынымды білдім де, құлаққаппен (наушник) құлағымды тас қылып бекітіп, аспанға қарап алып, зомби қоғамға ендім де кеттім....



Бөлісу: