Зияткерлік дағдарыс
блог
Қазіргі ғаламдық мәселелер – бұл әлеуметтік-табиғи мәселенің құрамы, оның шешімінен адамзаттың әлеуметтік озықтығы және өркениеттің сақталуына байланысты. ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың барынша қарыштап дамуы мен мәдениет, экономика, қоғамдық және жеке-даралық өмірдің бар салаларындағы кең ауқымды жаһандану кезеңі. Жаһандық үдерістер қоғамдық өмірдің бар қырларын жеделдетіп, қоғамдық пен жеке -даралық әлеуметтік-мәдени даму қарқындары арасындағы қарама-қайшылықтарды үдетіп және тереңдете түсуде.
Адамның әлеммен өзара қатынасы, бір жағынан, мәдениеттің жаһандануы, екіншіден – рухани жұтаңдаушылық пен азғындау жағдайында тұлғаның адамгершіліктік-рухани қалыптасуының мәселесін өзектендіре түседі.
Зияткерлік дағдарыс - ақпарат көп, бірақ жүйелі ойланудың, зерделеудің жоқтығы. Еуропалық бір топ ғалымдардың жаңа зерттеулерінің нәтижесі бойынша, қазіргі адамдардың жүз, екі жүз жыл бұрын өмір сүрген ата - бабаларынан ақыл-ойы бойынша төмендігін көрсетті. Айырмашылық ақыл – ой коэффиценті (IQ) бойынша 14 балды құрайды.
Дэвид ди Сальвоның айтуы бойынша, IQ әрбір он жыл сайын 1,23 балға төмендеп отырған, жалпы алғанда зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен бастап 14 балға төмендеген.
Зерттеу жүргізгендердің бірі ағылшын ғалымы Майкл Шайердің айтуы бойынша, оның себебі - адамның зияткерлік дамуына мүмкіндік бермейтін, қазіргі мәдениет, компьютер заманы болып табылады.
Бұл мәселенің ортамызда бар екенің өзіміз де байқап отырған шығармыз.