Ізге ниетпен жанкүйеріңіз - Ақерке!

Ізге ниетпен жанкүйеріңіз - Ақерке!
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме Массагет сайтының достары?! Ақылына көркі сай, колынан келмейтін нәрсесі жоқ сонымен қоса жан-жақты, елдің көк туын желбірететініне екінің бірі үміт артып отырған Қазақстанның болашағы- Аяжан Базилжанованың жанкүйерімін. Әр блогын оқыған сайын ісіне жауапты екенін байқаймын. Сол кісінің блогын асыға күтемін. Себебі, қызық әрі жаңа оймен жазады. Бәрінен ерекше десем, ешкім ренжімейді. Өткені, бәрі оқып қызығады. Менімен келісесіздер ғой?! Әрине келісесіздер. Ол кісіден үлгі аламын. Жазған нәрселерінен ойыма сақтап аламын. Аса мақтап жіберсем де аз. Себебі, ол кісі бұл сөздің бәріне лайық. Оның үстіне, өте әдемі. Жігіттердің арманы. Аяжан, сізді әпке деп атаймын. Сіздей әпкем болса, мен бақыттымын. Сізге тілерім тек биіктерден көрініңіз! Осы сайыста ғана емес, басқа да үлкен-үлкен жарыстың алдысы болыңыз! Ербол Молдажанов аға, жеңіс сіздерге бұйырып тұр. Әрине, командаңыз да Аяжан апкедей кыздарыңыз бар. Байқаудың соңына дейін сіздермен біргемін.

Менің сіңілім сізді жақсы көреді және жанкүйеріңіз!