Іздеу саламын!
блог
Соңғы рет мен оны былтыр 5 маусым күні көріп едім... ҰБТ тапсырып шыққан бойым еді...
"Жақсы, сау боп тұр, кездесеміз ғой, әлі сенің оқитын төрт жылың бар" - деді.
Ол кезде мен оған ашулы едім: "Жаз бойы көзіме көрінбеші а?!" - дедім ызаланып...Еңбегімнің ақталмағанын білгенімде тіпті қатты ашуландым. Көрмегенім сол болсын дедім.
Бірақ ол келді артынан тағы да, сүмірейіп. Оқуға тапсырып жатқан кезім еді. Шығармашылық экзаменді тапсырып болғасын да: "Жарайды, рахмет, бірақ демалайыншы, келмеші..." - дедім. Жақтырмағанымды сезді-ау... Сол күннен кейін көрмедім. Оқуға түскенімді естіп, қуанып оған алғысымды айтайын деп едім. Бірақ келмеді. "Жарайды, өзі білсін, керек кезде келеді ғой, қайда кетеді?" деп ем, қателесіппін. Сол кеткеннен мол кетті-ау...
Сабақ басталғаннан кейін де күттім, келмеді. Өзі келмесе де анда-санда жан-жағындағы жолдастарын, туыстарын көріп тұрдым.
Енді еріксіз іздеу салып отырмын. Ол менің оқуға деген ынтам!
Көргендеріңіз айтып жіберіңіздерші...