ІЗДЕП СЕНІ...

Кезіп ойлар тау мен тасты, шатқалды,

Көркем бейнең көкіректе жатталды.

Сары майдай сақтап қойып жүрмісің,

Саған жазған сағынышты хаттарды.


Шарлап ойым иран-ғайып бақтарды,

Жалғыз саған құпиясын ақтарды.

Сағынып жүр жүректегі арман-құс,

Қол ұстасып бірге жүрген шақтарды.


Іздеп сені жұлдыздардан, аспаннан,

Жарқыраған ай арудан жасқанбан.

Іздей берем іңкәр сезім біздегі,

Кездесуден сол көктемде басталған. 

 

Іздеп сені көкжиектен, ғарыштан,

Құс жолынан, көз сүрінер алыстан.

Табамын да жыр-дастанын жазамын,

Ғашықтардың мәңгілікке табысқан.

 

(сурет ВК желісінен алынған)



Бөлісу: