Іздеп жүрмін...
блог
Бірде Сағатбек ағайымыз сабақ үстінде бәрімізге жеке-жеке тақырып беріп, бірдеңе жазыңдаршы деді. Содан кезек маған жетті. Сағатбек Медеубек: "Гүлжан саған берілетін тақырып: "Іздеп жүрмін...". Нені іздейсің, әлде кімді іздейсің, білмеймін, жазып маған өткіз". Жарайды ағай, дедім де отыра кетім. Құлағыма құлаққапты салып, әуенді қостым да, жаздым. Ішімнен, осы тақырыптың түскені қандай жақсы, шынымен маған осы не керек деп іздеп жүрген едім ғой деген едім.
Нәтижесі былай болды.
Содан Ахмет Аляздың сабағына бір тақырыпта сюжет жасау керек. Не жасаймыз деп ойландық. Құрбым Замира тұрды да кеше Гүлжанның әңгімесін оқыдым. Жыладым. Соны түсірейікші деді. Бәріміз қосылып, осы бейнені жасадық. Әрине, видеоға арнап біраз сөздер өзгертілді. Бірақ, мазмұн сақталған.