Энергия бойымызға қайдан келеді? Физикалық энергия … ол түсінікті. Ал сені таңертең ерте тұрғызатын не? Ол сенің ішкі жан - дүниеңнің қуаты ғой? Солай емес пе? Былайша айтқанда “ Сила воли”.
Мен сіздермен бір нәрсе бөліскім келіп тұр. Маған “Kaspi Bank” АҚ кредит беріп, мен қазіргі оқып жатқан университетімнің “балмұздағы” атанған едім. Ал ары қарай қалай болғаны тек маған ғана мәлім. Бірде мына сөзді естіген едім: ешкім ешқашан сенде болып жатқандарды дәл өзің көрген көзбен, өзің сезген жүрекпен сезе алмайды. Осы сөздер маған көп жылағанның орнына әрекет етуге жетеледі. 2015 жылдың көктемінде маған кредит беріп отырған банк Forte Bank-тың қарамағына өтті де, біраз өзгерістер енгізді. Сөйтіп оқуыма ақша төлеуден бас тартты. Менің қолымнан келер шара бомады. Бірақ, мені “ Олар қалайша орта жолдан бас тартады?” деген сұрақ мазалады. Сол сұрақтың соңынан жүруге маған күш-қуат керек болды. Сол қуатым жоқ болған кезде мен бәрінен бас тартып туған жеріме қайтпақ болдым. Мен үшін мына өмірде тек мықтыларға ғана орын бар сияқты көрінді. Сол сәтте қараңғы бөлмеге күннің сәулесі сығырайып түскендей ойыма мына сұрақ келді; Сол мықтылардай мен неге болалмаймын? Сапаржайда отырған орнымнан тұрдымда автобусқа алған билетімді қайта өткіздім. Бұл қалада маған да орын бар және оны мен аламын деген оймен. Сол оймен жоғарыдағы сұрақтың жауабын іздедім. Жауап беруге тиісті адам мені қайтпағаныма өкіндірердей болған алайда, мен қуандым. Кейін мемлекеттік грантты ұтып алған соң оларға алғысым шексіз болды. Осының бәріне бойымдағы қуат қалай жетті деп кейде ойланамын. Сонда есіме анам келеді.
Мені шабыттандырған, маған өмірде мүмкіндіктер мол екенін көрсеткен, мүмкін емес тек әлсіздерге ғана екенін ұғындырған менің анам мен үлкен отбасымның мүшелері еді. Шағын ғана қалашықта, жалғыз ана мен көп балалы отбасыда дүниеге келген мен бойыма үлкен армандар сыйдыра білдім. Олар мен өскен сайын мақсатқа айналды. Оның бәрі менің қасымдағы жанкүйерлерім, жақындарымның арқасы. Мен энергияны солардың сенімдерін алдым! Ол ешқашан таусылмайды. * және мына сөзден:
Не огорчайся неудачам. Падают все. Только кто-то встает быстрее, а кто-то продолжает валяться и ныть.
(с) Майк Тайсон
Мен сенемін әр адамның бойында жасырын ғана жатқан шабыт көзі бар. Біздің миымыз оны тануға қауқарлы. Тек соны іздеу керек. Әр адам талант иесі. Біреуде ол құрылыс жасау, үй салу болса, біреуде ән айту ал, біреуде ғалым болу. Іздену керек.
Не үшін осындай адам болып жаратылғаныңды, не үшін әрі қарай өмір сүру керек екеніңді, барлығы не үшін екенін тек сен ғана біле аласың.
The two most important days in your life are the day you are born and the day you find out why. © Mark Twain