"Ізденімпаз маман – жолда қалмас..."
жеке
блог
блог
Ізденімпаз маман – жолда қалмас...
Елімізде тұңғыш рет 2010 жылы әлемдік деңгейдегі президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың атындағы университет елордасы Астанада бой көтерді.
Президент Н. Ә. Назарбаев білім беру саласына көп көңіл бөлген. Елбасымыз бұл университетті ашу барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет мемлекеттерде оқып жатқан жастарымызды «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» - деген мақсатты алға тартып, осы университетті ашқан. Осылайша университетке әлемнің үздік оқушыларын шақыртып, білім беру жүйесін әмбебап деңгейге көтеруді жөн көрді. Енді, шет елден білім алуды армандаған жастар қауымы бәлкім, сонау мұхиттың арғы жағындағы Америкаға ат терлетіп жүрмей-ақ, елордасы Астанаға барып, дәл сондай сапалы білім нәрімен сусындауына мол мүмкіндік алып отыр.
Жылдан - жылға көркейіп келе жатқан Қазақстанымызды ел ертеңі – жастардың білімді ұрпаққа айналуы үшін жасалып жатқан шаралар мен мүмкіндіктер көптеп жасалуда... Тек кейбір жастар, шет елдің сан алуан азғын әрекеттеріне елігіп кетпей, өз елінің отансүйгіш, ел игілігі үшін қызмет ететін, тәрбиелі де әлемдік мәдениетті сіңірген азаматы, яки азаматшасы болып шығатындай мақсатта өз білімін жалғастыра алатындай болса ғана, еліміз әлемді өзіндік ерекше көркімен таң қалдыра алады. Сондықтан, болашақ жастар, ізденімпаз мамандар, әсіресе қадірлі де ұлағатты жас, дарынды және талантты мамандар, яғни кадлар қауымы білімін шыңдап, әрдайым жаңа нәрсені үйренуге деген құлшынысы болып, үнемі дайын болса, нұр үстіне нұр болар. Демек, ізденімпаз маман қай уақытта да көзден таса да қалмасы анық. Осындай бағытпен, айтарым: «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» - дегім келеді.
Дайындаған: Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
Шығарылымы: