Іздемпаздық-ізгілік.

Сонымеееееен жоғарыда айтқанымдай 3-шілде 2 тұлғамен кездесіп,сұхбат алумен-ақ өте шықты. 

4-шілде... Бұл да бір есте қалар,қызықты күннің бірітұғын. Жас тілшілер Қазақстан Ұлттық телеарнасына жол тартты. Жас тілшілерді «Таңшолпан» бағдарламасының редакторы Қанағат Әбілқайыр ерекше ықыласпен күтіп алды.

– «Таңшолпан» бағдарламасын халық жазушысы Шерхан Мұртаза аталарың ашқан. Былтыр бағдарламаға 20 жыл толды. Оқушы кезімде «Ұланға» мақалам шықса, ауыл болып қуанатынбыз. Ал сендер, жас тілшілер, бақыттысыңдар. Білімді адамға алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан, уақытты босқа өткізбей, кітап оқыңдар. Ғаламторға алданбаңдар, – деп ағалық ақылын айтты.

 

Тілшілер телеарнаның түсіру тобымен танысты.

«Таңшолпанның» жүргізушісі Маржан Болатханқызымен әңгімелесіп те үлгерді.

Осылайша Қазақтың Ұлттық арнасын да араладық... Енді,қайда барамыз??? Енді... КТК арнасына ...

КТК арнасының экс-журналист Нартай Аралбайұлы бізге бағдарламаларды қалай эфирге дайындайтынын бәрін-бәрін көрсетті...

Бір сәтке өзімізді жаңалық жүргізіп отырғандай сезініп те қалдық...

 

Сооооооооодан не керек, Киелі,қасиетті Жазушылар Одағына бардық... (бұрын 2-3 рет барған едім).

Жазушылар Одағы балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы, «Ұлан» газетінің бұрынғы бас редакторы Сұлтан Қалиұлы оқушыларды Одақтан шығатын басылым редакциялары мен Әдебиетшілер үйімен таныстырды. Таныстық соңы әдеби кешке ұласты. Балалар Сұлтан ағамен емен-жарқын әңгіме құрды. Маралтай Райымбек, Ерлан Жүніс, Алмат Исәділ  сынды ақындар өлең оқып, балалардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. 

Қасиетті ғимаратта мен де өлең оқымай қайтудан ұялдым. 

Осылай болды... Осылай тағы болады,-деееееееп. Жаз мезгілі қызықты өтті.

P.S. Сұхбаттасқан диалогтік сөйлемдер журнал бетінен алынды.("Ақжелкен" журналына сілтеме))))

(Айтпақшы... Қанағат аға біз жақтікі (Жалаңаш ауылынан), Маржан Болатханқызы біз жақтың келіні, жеңгеміз ғой,қысқасы))))



Бөлісу: