Іздемеңдер...

Іздемеңдер...
жеке
блог

Іздемеңдер...

Жоқ боп кетсем бір күні іздемеңдер,
Мейлі менен үмітін үзбегендер,
Іздемеңдер...
Автор

Іздемеңдер, мен бәлкім асқардамын,
Биіктемін сонау көк аспандамын.
Қара жерден жалығып шығып кеттім,
Артқа тастып өмірдің баспалдағын.

Іздемеңдер, мен бәлкім оралмаспын,
Жер бетінде жел ұрып жоғалмас кім?!
Жоғаламын содан соң қасірет те,
Таба алмайды от күйік, таба алмас мұң!

Іздемеңдер, сендерден төмендемін,
Төмендемін тек сондай тереңдемін.
Өліп кетем кім білсін бір күндері,
Тұншықтырып өзіммен өлең демін.

Іздемеңдер, жоғалтып уақыт құнын,
Басқа жаққа бұрады бағытты мұң.
Бағы кеткен әлемді тастап қашқан,
Іздемеңдер, мен бәлкім бақыттымын!

29.03.2015