Мен өз есімімнің мағынасы нені білдіретінін көп уақыт бойы білмей келдім. Тіпті оны ешкімнен сұрамағанмын да. Бір қызығы тек ҚазҰУ-ға келгенде ғана ұстаздар атымның мән-мағынасын сұрай бастады. Осы кезде ғана мен ғаламтордан "Замира" ныспысының мағынасын оқыдым. Қызық, дәл мендей өз есімінңі мағынасын білмей өскен жандар бар ма екен?
Замира - араб тілінен аударғанда "ар" , "ұят" деген мағына үстейді, сонымен қатар бұл есімнің "ақыл" , "ой" деген баламалары бар. Одан өзге мынадай ұғым береді: "жұмбақ", жарсырынған арман", "сыбызғыда ойнаған ару".
Бұл есімнің революциялық мағынасы: "За Мир!" деген тіркестен де шығуы мүмкін. Аталмыш есім берілген адамдар бала күннен өте шыншыл болып өседі екен.