Заманың түлкі болса, қыран боп шал !

Заманың түлкі болса, қыран боп шал !
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі ең алғашқы ашылған оқу орындарының бірі. Ашылған сәтінен бастап, қаншама талапкерді құшақ жая қарсы алып, білім нәрімен сусындатты және қоғам талабына сай маман болып шығуының тікелей себепшісі болды. Университет табалдырығынан, елімізге еңбегі сіңген көптеген оқытушылар, қоғам қайраткерлері және профессорлар білім алып шықты.

 

       Қиындығы мен қызығы қатар жүретін студенттік кезеңнің ажырамас бөлігі – университетіміздің құрметті оқытушылары екені сөзсіз және оқытушыларымыздың  осы жолда сарп еткен ерен еңбегі мен қажырлы қайратына еріксіз бас иеміз.

 

        Университеттің жылдан-жылға көркейіп дамуының бірден-бір себепшісі,  еңбекқор, өз ісінің майталмандары  ұстаздарымыздың енбегі екені сөзсіз. Ұстаздарымыз қазіргі таңдағы пандемияға сәйкес, білім беру форматының барлық түріне сақадай сай екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Дәстүрлі оқу форматына, онлайн форматтағы оқу бөліміне көшу біздің ҚазҰУ оқытушыларына еш кедергі келтірмеді. Қиындықтарға қарамай, барша білімін аянбай сіңірген Филология факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының оқытушыларына алғысымызды шексіз!

       ҚазҰУ программисттері де университеттің оқытушылары мен студенттердің қашықтықтан білім алуына барынша мүмкіндіктер жасап, «УНИВЕР» жүйесінің ең танымал білім беру платформасы «MOODLE»-мен интеграциясын жүзеге асырып, қамтамасыз етіп отыр. Бұл платформалар арқылы оқытушылар тапсырма береді. Оны салған мерзімі мен дедлайн міндетті түрде көрсетіледі. Студенттер берілген уақыт аралығында тапсырманы жасап, қайта жүйеге жүктеуі тиіс. Менің ойымша, бұл студенттер үшін өте тиімді. Себебі, студенттерге бір апта уақыт берілетіндіктен, олар өз уақыттарын өздері ұйымдастыра алады. Ал, дәрістер мен семинар сабақтарын өтуде, бір уақытта 100-ден аса студент кіре алатын «ZOOM», «TEAMS» секілді  бағдарламалар бар.  Әр оқытушы сабақтың алдында видеосабаққа қосылу үшін сілтеме жібереді. Егер шет аймақтағы студенттер интернет байланысының нашарлығына байланысты видеосабаққа кіре алмаған жағдайда, оқытушының жеке чаты немесе электронды поштасы арқылы байланысқа шыға алады.

      ҚазҰУ оқу орнының магистранты ретінде мен университетіміз өз студенттеріне толыққанды білім алу үшін және де өсіп келе жатқан қазіргі әлемнің талаптарына сай болу үшін көптеген таңғажайып мүмкіндіктер беріп жатқанына сенімім мол және де  алғысым шексіз ! Мен ҚазұУ  оқу орнының түлегі болғаныммен мақтанамын!

 

 

 

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы

 

Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының

 

1 курс магистранты  Мешітбаева Н. И.

 

 

Таубаев Ж.Т. 

PhD докторы, доцент м. а.