"Заманға сай" журналист кім?

Қазіргі таңда, “журналистика өзектілігін жоғалтып жатыр, біраз уақыттан соң мамандық сұранысы мүлдем болмауы мүмкін” сынды сөздерді естиміз. Бірақ, журналистика ешқашан өзектілігін жоғалтпауының себебі неде? 


 Елде не болып жатыр? Біздің елдің президенті кім болды? Экономиканың жағдайы қандай? Мұның бәрін халыққа жеткізетін-журналистика, яғни, журналист. Бірақ, өзектілігін жоғалтпас үшін заманға сай әрекет ету тиіс. Мысалы, қазір газеттер баяғыдай өзекті емес, алайда оның да аудиториясы бар. Уақыт өте келе, бір БАҚ екінші БАҚ орнын алмастырады-бұл заман талабы. Осыған сәйкес журналистика ағыммен бірге өзгеріске ұшырайды. 
Бүгінде, ақпаратты жеткізу тәсілі бойынша өзекті БАҚ бұл-ғаламтор(сайт) және ТВ. Себебі, қазір технология дәуірі болғандықтан, адамдар бәрін гаджеттерінен білуді ыңғайлы көреді. Сондықтан, қазір ғаламторда ақпаратты адамдарға қайталанбас, қызықты етіп жеткізу-журналистің басты мақсаты. Әр бұқаралық ақпарат құралында сапалы жүмыс істеуді білетін мамандар дайындау үшін ХАТУ-да журналистика сандық, бизнес, халықаралық, телерадиожурналистика деп бөлінген. Тек дәстүрлі журналистикаға зейін қоймай, бүгін халық арасында кеңінен таралған бұқаралық ақпарат құралында жұмыс істеуді үйретеді. Бұған “PR негіздері”, “Конвергентті журналистика негіздері”  сияқты оқу бағдарламалары көмектеседі. 


  ХАТУ-да студенттік өмірге де көңіл бөлгенімен, оқу бірінші орында. Сұранысқа ие мамандар дайындау мақсатында, оқу процессі үш тілде жүргізіледі. Бұл кәсіпқой журналистке қойылатын басты талаптардың бірі. Ең бастысы, ХАТУ-да теорияға қарағанда, тәжірибелік жұмысқа көбірек назар аударады. Бұл болашақта, университетті аяқтағанда, жұмысқа барынша дайын болуға септігін тигізеді. Сол себептен, осы жоғарғы оқу орнын тәмамдаған адам, техникадан хабары бар, сауатты, желіде жұмыс істеуді білетін маман болып шығады.  IT журналистикадағы оқу осымен ерекшеленеді. 


Жалпы, журналистиканың әрдайым өзекті болып қалуы, журналистердің ақпарат берудегі тәсілдеріне байланысты. Ал, мұны жасай алу үшін нағыз журналист үнемі ізденісте жүріп, халықтың не қалайтынын түсіне білуі қажет. Сондықтан, журналистика өкілінің басты міндеті-ақпаратты заман талабына сай қолжетімді ету. 

Аружан Магауия

ХАТУ студенті
 
                                                                                                                   



Бөлісу: