Заман тілі

Заман тілі
жеке
блог

Заман тілі

Жер түрікше сөйлемей ел түрікше сөйлемейді депті Түрік елінің басшысы Ата Түрік. «Сөз қадірі өз қадірің десек» ұлы сөзді ұлағаттап өсетін ұрпақ  жұртына жұтаңдық тілемсі анық.

Өзге тілдің бәрін біліп өз тіліңді құрметтегенге не жетсін... Мен біреуді жер-суға сыйғызбай мақтап немесе қара сөздің тезіне салып түзетуден аулақпын. Тұлымдымды құл, бұрымдымды күң еткен империя тырнағынан  іргемізді бөлектегелі  бері бүгінге дейін айтылып келген және айтылада беретін «баяғы жартас сол жартас » тіл мәселесі.

Туған жерінің топырағын басып жүріп кей пенде мойын бұрмаған әділетсіздікке, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болып, ұлтқа ұран тастай алатын тіл жанашырының болғаны қуантады. Әттең қос тілдік деген тұсау аяққа ерте түсті. Бірақ бұлыңғыр заман бұлты сейілгелі қазақ тілі қаз басып бір ел, бір мұрат, бір болашақ мақсатына өз үлесін қосып жатыр. Әрине қуанышымызды жасыра алмаймыз. Тарих бетінің қанмен жазылған шындығына көз жіберсек тілді, ділді, дінді ұмытуға шақ қалғанымызды білеміз.

Ойымызға келген сөзді орысша орағытпай, ана тілімізде ақтарыла сөйлесек қандай бақыт.

Үш тұғырлы тіл ұшпаққа шығарады деп, ұлардай шуласақта  ана тілдің арына дақ түсірмегеніміз жөн емес пе қазағым.

Бәрімізге белгілі ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тілі десе де бұл біздің өз тілімізді ұмытуымызға себеп болмауы тиіс.

Жоғарғы мінбедегі кей көкелеріміздің жат тілде(орыс тілінде) міңгірлегені болмаса, етектегі қараша халықтың аяқ алысы жаман емес. Тіл тағдыры ұлт тағдыры екенін әр қазақтың  жүрегі сезсе екен...