Заман талабына сай сапалы оқулықтар даярлау – үлкен міндеттердің

  Елбасы  «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» мақаласында алты үл­кен жобаны атап көрсеткен болатын.  «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы ұлттың рухани жаңғыруының бір белгісі болса керек. Жаһандану талабына сай сапалы оқулықтар мен оқу құралдарын даярлау – үлкен міндеттердің бірі.

  Осыған орай, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 наурыз күні ZOOM арқылы «100 жаңа оқулық» жобасын жалғасы ретінде жұмыс тобының отырысы өтті. Басқосуда жас ғалымдар ғылыми теорияларды мемлекеттік тілге аудару және «Ғылым салалары бойынша теориялардың 30 томдық жинағын» жасақтау туралы ұсыныстарын білдірді.

  Отырыста «Тәрбие теориясы және әдістемесі» орталығының қызметкерлері озық сапалы оқулықтар мен оқу құралдарын даярлау бойынша маңызды ақпараттармен алмасты.



Бөлісу: