Адам баласы әрдайым бір нәрсені білуге, үйренуге ұмтылады. Бұл қоғамның қазіргі талабы. Қаншама ғұлама ғалымдар, арғымағы биік ұлы өнер танушылар осы мақсатта тәжірибелерін де, жеткен жемістерін де әлем сахнасында мәңгілік өшпестей атын көкке жазып кетті. Ол дегеніміз кешегі Паскаль, математиканың әйгілі теоремасын шешкен Пифагор, тарихтың бағындырмас биігіне шыққан Геродот, тіпті әлем жүзін өз бейнесіне қаратқан, барша жұрттың миын улаған, мына бір дүниенің есігін ашып бәрін өзіне қаратқан Стив Джобс. Ол туралы әлеуметтік жүйеде журналист ағамыздың өзі “ Дүниеге тағы бір айфон келді. Əлем тағы да басы айналып, айфонның апанына қарай қадам басты. #Iphonomania “, -деген болатын. Бұл суретті көріп біраз ойланып қалдым. Шыныменде, неге біз осы бір жіңішке қорапқа соншама есіміз кетті? Шындығына келгенде осы суртеттен кейін, бұл сұрақты біраз жандарға қойған едім, бірақ, бәрінің айтары бір. Сол баяғы сән, байлық, мүлік.
iPhone 6 и iPhone 6 Plus -тің шыққаны кеше ғана, яғни 9-қыркүйекте америка халқы сатылымға шығарды. Бұқаралық ақпарат құралдарының айтуы бойынша, бұл байланыс құралын
сатып алушылар 7-ші қыркүйектен бастап кезекте тұр. Теңге мен санағанда құны iPhone 6 (алғашқы сатылым кезіндегі баға) 274мың 500теңге ден 360мың 510теңге сонымен бірге iPhone 6 Plus 301мың 950 теңгеден 402мың 600теңге аралығында екен. 9-шы қыркүйек күні Стиф Джобстың қаражат құны тағы да әлем алпауыттарының қатарынан оза шапты.
Кешегі өткен тарих толқыны, бүгінгі күннің бұлтартпас айнасы. Өткенімізге үңілетін болсақ, осы ата – бабаларымыз ұялы телефонсыз қалай өмір сүрген деп ойлаймыз. Шыныменде бүгінгі таңда бұл құрылғысыз ешқандай шаруаны бітіре алмайтынымыз тағы бар . Бірақ, осы қымбат құрылғының Қазақстанға келуі қалай болады деген сауал, мені шешімі жоқ жауаптарға қалдырады. Келе салысымен ата-анамыздың бір жылдық айлығын қосып, жылап -сықтап, сән деп әйтеуір аке -шеше аш қалса да, киімі жыртық болса да, достар арасында абырой беделді түсірмес үшін әйтеуір қолымызды жеткіземіз. Әрине, байлығың асып – тасып, ақшаң жетсе алуға болады. Алайда, төрт бұрышты темірге бола, барлығын құрбан етудің керегі жоқ секілді.
Басқа елдің биржасын қос-қолдап көтергенше, өзіміздің дүниені неге шығармасқа деп те ойлаймын. Алайда, алдыңғы кеменің бәрі бір ағынмен ақса, ескекті қолға алу қиынға соғатын сияқты. Көкейдегі жарық шамын қараңғылатпай сіріңкені лаулатып жақсақ, жарыққа енері сөзсіз. Суланған миды ашыған санамен бүлдіртпейік ағайын.!