Заман кімдікі?
блог
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы -
Тыпырлап тыным таппаған істінікі, - деп С.Дөнентаев дәл басып жырлаған.
Қарап отырсақ, қазіргі таңда заманымыздың негізгі рөлін ақша ойнап, болашағымызды да ақша болжайтын халге жеткендейміз.
Елімізде жоғарғы оқу орындарының саны жеткілікті, олардың оқыту қаржысы да қомақты. Бұған ауылдағы баланың шаруа баққан әке-шешесінің бірінің қалтасы көтерсе, екіншісінің жағдайы жоқ. Бір-екі рет қойы мен сиырын бағып күнін көргендер ұл-қызын оқыта ма, әлде ішер асын ойлай ма? Міне, жоғарғы оқу орындарында көбіне қалталылардың балаларының оқитындығы сондықтан. Олардың арасында ақшаның күшімен басында грамм миы жоқтар да жүр талтаңдап. Ал тұрмысы нашар отбасының білімді ұлы мен қызы оқуға түсуге жағдайы келмей, армандарын тұншықтырып ауылда қала береді. Сонда бай мен кедей болып бөлінген мына заманда елді ертеңгі күні басқаратын білікті жастар қайдан шықпақ?....