Заман алмасып келеді.

Заман алмасып келеді.
жеке
блог

Уақыт өз тілін тықылдата жылжытқан сайын,өмірдің заңы өзгеше көзқараспен өткенді қайталайды. Бірақ,бұрынғыдан мүлдем  басқаша, артық немесе кем болады.

Әлгінде бәрі де бір кем дүние деп, Шер ағамыздың  шерлене жазған,шымшып аларлық   шыншыл дүниесіндей.

Біз өткенге жала жабамыз,әрине ол кезде қазақтар әлсіз,надан,қорқақ  хәлдері аянышты болған дейміз. Әйтсе де ол қате пікір,қате ой. Біз бұрынғы қазағымызды емес,керісінше қазіргі қазақтарды аяуымыз керек.
Неге дейсіздер ғой.

Рас,біздің қоғамымыз  белсенді дамып келе жатыр дейміз. Ақша да,жағдайда бізді алаңдатпайды дейміз. Мүлде олай емес,керісінше біз- уақыт  тілін алға жылжытқан сайын құлдырап келеміз.

Тарих беттеріне үңілсек,ертедегі  қазақ халқымыздың күн-кешуі  өте ауыр,әрі сабақ аларлықтай болды. Себебі,сол заманғы қоғам тіршілігін ойран еткен,материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі еді. Есесіне олар барға қанағат етті, шүкіршілік қылды. Ең бастысы ондағы халықтың сана сезімі рухани және имани құндылықтармен сусындады. Шөлдеген жұрт ішкі дүниесін кітап ілімімен суарды,бесіктен белі шықпаған бала да,болар бала боғынан деп,көсемдікке,шешендікке,данагөйлікке,батылдыққа өзін-өзі баптады,есесіне ешкімнен кем болмады,керісінше тілімен орақ орды,көздегенін селт етпей құлатты,жағасына жармасқанды  жер жастандыра білді. Сал –сері атанып,думанды кештердің,ұлы жиын тойлардың сәнін келтіріп,халық араздығын қасиетті қара сөздің бағыт бағдаршысы,алмастай өткір тілімен шешті.

Мәселен,кешегі,

16-шы,17-ші,18-ші, ғасырдың көкірегі ояу,көзі ашық,көңілдері  кең пейілді  би-шешендері,  Аяз би мен Майқы биден бастап,Сыпыра жырау,Қазтуған,Жиренше, Доспамбет,Шалкиіз,Марқасқа,Ақтамберді,Шал ақын,Бұқар жырау,Тәтті қара т.б. осылар сынды   халық даналары.

19-шы,20-шы  ғасырдың сен тұр,мен атайын дейтін ақиық ақын-жазушылары,даналары:

Ыбырай, Абай,Шоқан,Шәкәрім,Мұхтар , Әлихан,Ахмет,Ілияс, Сәкен,Мағжан,Бейімбет, Қасым,Мұқағали,Төлеген  т.б.  бәрі де әдебиеттен нәр алып,бәрі де   өз шырағын жаға білген, руханиятқа жан дүниесі бай, дана данышпандар,дара тұлғалар!

Ал қазіргі жиырма бірінші ғасыр,біздің дамыған занымыз ше,бізде баймыз ба?

Қазір біз тек материалдық  құндылықтар жағынан ғана баймыз,ал рухани жағымыздан құлдырап келеміз,неліктен?

Себеп өте көп,мәселен;

Кейбір Ата-аналар отбасында балаларына дұрыс тәрбие бермейді, қойнындағы баласының тағдырына алаңдамайды,алаңдайды әрине,бірақ әрекет қылмайды.  Қазақ мешел болып қаламын демесең,бесігіңді түзе- дейді,дана Мұхтар.  Ендеше біздің сана сезімімізді ала шұбарландыратын да ,оны данагөй қылдыратында отбасымыздың біздің бойымызға сіңірткен тәлім-тәрбиесі.

Бұл-бұл емес,енді тыстағы жағдайға көз салып,көңіл бөліңіз.Жастар көшелерді бастарына көтере айғайлайды,жастар үлкенді сыйламайды,қарттың қолындағы ауыр жүгін көтерісіп,оны үйіне дейін жеткізіп тастауға дәрмендері жетпейді.Ішімдік,темекі,насыбай сынды қарам дүниелерге жандары құмар. Көше бойына ата –анаңмен қыдыра қалсаң,неге бірге қыдырдым екен деп өкінесін,себебі әр жерде бір-бірінің ернің жұлып алардай сүйіскен жастар. Қоғамдық көліктер ішіндегі адамдардың өз ана тілінде сөйлей алмау кемшілігі. Адамдардың иманының әлсіздігі, қара пейілділердің жазықсыз қыздардың тағдырына дақ түсіруі,бәрі бәрі рухани санамыздың құлдырауынан.

Көпке топырақ шашқандық емес,көпті көре көзімізге топырақтың толып қалуынан,халықты ашындыру үшін емес,халықтың ашынғандығынан. Әлгінде,Абай данамыз ,

Тамағы тоқтық,көйлегі көктік,уайымы жоқтық аздырар- адам баласын дейді.

Ұйқымыздың қанық,қарнымыздың тоқтығы бізді жалқаулыққа,ал жалқаулық әр нарсеге бей-жай қарауымызға әкеліп соқтыруда. Біздің санамыздың жасанды дүниелерге құмартуы,ол біздің шынайы еңбек ете алмағандығымыздан,шынай өмір сүруге бейімделе ала алмай жатқанымыздан. Заманды кінәлай алмаймыз,өйткені заман өз ізімен жылжып келеді,қоғамды кінәлай алмаймыз,қоғам адам ақылымен дамиды,сондықтан біз тек қана өзімізді кінәлауымыз керек. Аштық пен қиындық бізді өмірсүруге үйретті. Ал тоқтықтың қандай пайдасы тиді,бізге... Бұрынғы қоғамның жемісі ол руханияттың өз кемеліне жеткен тұсы,қазіргі қоғамның жемісі  сол ата-бабамыз жинап берген рухани дүниелерді игере  алмауыздан, халықтың,имани және рухани дүниелерден жұдай қалуының кесірінен пешенемізге дақ болып түсетін,ұрпағымызды  ұятқа қалдыратын, зор қара таңба.

Біз бұл қасіреттен құтыла алмасақ,біздің болашағымыз тұманға алналуы да ғажап емес,тұман ішінде жүріп бір-бірімізді таба алмай,адасып қалып жүрмейік қазақтар,ойланайық... 

Досжан Нұрболат!!!