Залал сезім... 2 -ші бет
блог
Бұл түнді Жамилә бір ауыр күдікпен өткізді. Таң ата төсектен басын көтере сала ана жүрегі бір бәлені сезгендей алақұшып тұр. Дір-дір еткен нәзік қолымен "ситадан" ұн илеп, жеті нан шығарып, иіс шығармақшы. Ұялы байланыс телефонынан- "Жарас ұлым" -ды теріп қайта - қайта қоңырау шалады. Байланыс біресе үзілсе, біресе созылуда.
Бұл күндері ауылды ашық тұман басып, қара бұлт күн сәулесін өз етегіне тығып алғандай. "Міне қазір жауын шашады" дегендей құбұлып тұр. Ауылдан шалғай жерде бір түп ағашақа соғылған машинаны ауыл тұрғындарының біреуі байқап әкімге хабар береді. Дала құбыжығының қолында ойнақ болғандай, ойыншық сияқты көмкерілген машинада қарайтын сұс та жоқ. Араға сағат өтер - өтпес ауылдың еркектері гөіл ете жинала қалды. Жиналған топта сұрақ сансыз - "Бұны тізіндеген кім?, Баласы болса ол қайда кетті ә?, Мына қызыл ала қан қайдан пайда болған?, Бәлкім ұлы өлді ме екен?" - әркімнің ойы сан тарапқа бөліне кетті. Бір кез беті өліктің беті секілді боп-боз, жан - жағына қарамай, ұйқыда жатып тұрып кетіп, түсінде жүріп келе жатқандай, соншама көп адамның біріне де соқтықпай, қақтықпай, құдды бір елсіз, жұртсыз айдалада жалғыз өзі ғана жүргендей, соқыр адамша Жарасытың анасы сылқ ете отыра кетті де, басы быт- шыт боп жарылып, жан - жаққа шашырап кеткендей қос қолдап басын қысып алып, ботасынан айырылған түйедей зар еңіреді ана байғұс.
- Жарас ұлым, не болды саған құлыным,- Жамиләнің зар жылаған даусы жан- жағындағы еркектердің құлақ етін тесіп емес қақ жыртып барардай көрінеді. Жарылқас машинасынан түсіп Жамиләны қоршаған бір топ еркектерді былай ысырып, Жамиләны құшағына басып:
- Айналайын Жәко, қоя ғой енді, қой. Сүйегі табылмай жатып мұнын не сенің? Жаман ырым неге бастайсын а?! Табамыз, табамыз, меен түгел ауылды аяққа тұрғыздым, ә, Жәко, жүр үйге , жүре ғой.- деп әйелін қолтығынан демеп көтеріп, ауылға қарай тартты. Жарылқас ауыл әкімі болғаннан бері ауылдың құты қашты, Жарылқас халықтың жадында тұрпайы, өз дегенінен қайтпайтын, сөзі еш онбаған атқамінер боп қалған. Ал жана алдарындағы көрген мейірімге толы жұбату қара халыққа құдды бір ашық аспан астындағы театр актері боп көрінді.
Сәл сәттік аяныш бекер -ақ. Жарылқастың дәу машинасы ауылдың басты көшесіне кіре бергенде Жамиләнің көзіне ауыл қатындарының тобыры көрінді. Бәрі біреуді қоршап алған. Жамилә "тоқта!!!" дегендей ыммен Жарылқастың рөліне ара - тұра секірді. Машинадан лезде түсіп тобырға қарай жылдамдатып барады. Жеткен кездегі оның алдындағы көрген суреті тіпті сұмдық болатын. Көз алдында үсті - басы алба -жұлба, ақ жидесін бір бөлігін қан бояса, бір бөлігін жер ана топырағы. Бет - ауызы қан ала, Жарас гүрс етіп тізесіне құлап, Жамиләнің аяғына жығылып, шолақ халатының етегіне жармаса кетіп:
- Мен, мен, ол мен емес апа, Құдай атсын мен емес,- деп қайталай берді. Жамилә болса тұрған орнында денесін мұз басқандай қатып тұр, тек көз біресе онға, біресе солға қарауда. Осы сәтте Жарылқас лезде жүгіріп келіп Жарас пен Жамиләнің қолынан ұстап жетектеп машинаға салып котедж үйіне жөнелді. Бұны көзбен көріп, құлақпен естігендердіңде арасында Айжанның әпкесі болатын. Жарасты үйіне жібермей сұрақтың астына да алып отырған осы Айнұр болатын. Жамилә топқа жетіп келген кезде тобырдың үніде шықпай қалған.
Жарылқас Жарас пен Жамиләны үйге әкеле сала сырт есікті құлыптады да енсесі түсіп тұрған Жарастың бетінен аюдай қолымен бір - екі рет біріп жіберіп сабай түсті. Ана байғұс көнеме, Жарылқастын қолын ұстап өзіде ар - арасында таяқтын бір бөлігін жеуде. - - Не істедің иттің ғана баласы ә? Мә саған, ал әдірем қалғыр, не істедім деймін.- Жарылқастың беті ыстық күндегі градусниктің қызыл сынабындай сұр - қызыл, ашу дұшпан сабауда Жарасты. Түн ара болған сұмдық оқиғаны Жарас жасыра алмады бар күшімен, бар даусымен әкесінің қолына қарсы кеп:
- Өлтірдім, ал не істейсін маған? Не істейсін маған - деп қос тізесін құшақтай отырып, ішінен қайта - қайта "өлтірдім" деп қайталауда. Жамилә болса киеуінен алған таяғы аздай естігеннен құлағы тас жабылып, жүрегін ұстай отыра қалды.
- Не? Неге? Кімді? Не үшін? Не үшін деймін атананәлеттің баласы.- беліндегі белбеуді шешіп, Жарастан үн қатқанын күтіп әке тұрған орнында сылқ ете отыра қалды:
- Жарас, ұлым, кәне айта ғой, кәне ә? - Жарас сөзді бөле бастады:
- Анар әже...
- Не Анар әже? - Жарылқас баланы жұлқылай жөнелді.
- Қасында жатыр...
- Кім? Кім деймін саған?!- Жарылқас жүрегі қысылғандай ынқ - ынқ етеді, мандайынан ашу мен ызаның тері қанша ағуда.
- Айжанды әжемнің қасына көмдім, сен түсінесінбе мен мына қолыммен әлгі салдақыны көмдім, ол сенің машинанды құртты әке оны кешірмеймін кешіре де алмаймын - Жарас отырған орнында ине қадалғандай тіпті жын қаққандай секіріп өксіп жылап айуандыған айтудан ары мен намысы кеудесін қақ айрып барады. Екі қолын көтеріп саусағындағы сынған тырнақтарын әкесіне шошайтып "Міне әке, міне" - дегендей сұға жөнелді. Тұрған орнында Жарылқас лезде қолын кеудесіне қойып жүрегін ұстаған күйінде әке көзі мәңгілікке жабылғандай Жарылқас орнында талмасымен құлады. Жарылқасты көтеруге Жараста, Жамиләда қыбыр етпеді. Тіс жармай үнсіз сұмдықты естіп жүрегі жарылардай боп отырған Жамилә қолына оқтауды ала Жарасты ұра бастағанда сырт есіктен "Аш, ашындар, бұл полиция!" дегендер дауыс көтерді.
Жалғасы болады...