Ютуб желісі кең таралғанда көбі «Осы ютуб деген не?» деп сұрай бастады. Бұл желінің кеңінен таралғаны соншалықты қазір ол жақтан небір бейнематериалдарды табуға болады. Теледидардан көріп үлгере алмай бағдарлама, концерт, бейнеклиптердің барлығын қазір ютубтан көріп алуға болады. Сондай-ақ, әр қатысушы Youtube.com сайтына тіркеліп, өз каналын ашып, сапалы, авторлық контентті жүктеуге мүмкіндік берілген.
Қазақстандық қолданушылар да өз кезегінде жеке каналдарын ашып, тұрақты көрермендерін жинай алады. Genesis YouTube Qazaqstan компаниясы қазақстандық канал авторларын Алтын және Күміс тетіктермен марапаттады.
Бүгінде интернет қолданушыларының 35% күн сайын Youtube.com сайтын пайдаланады. Youtube.com сайтын қолданушыларының Қазақстандағы саны 10 миллионнан асады. Бұрынғыдай емес, бүгін ютубтың не екенін, қалай қолдану керектігін және қандай контент салу керек екенін біледі. Ал болашақта ана тілімізде сапалы контент жариялау ол өз қолымызда деп ойлаймын.
Суреттер ppz.kz сайтынан алынды