YouTube туралы....
блог
14 ақпан 2005 жылы Ютуб сайты пайда болды.
Сайт құрылғаннан кейін 2 айдан соң оны құрастырушылар алғашқы 15 секундтық видео жариялайды. Түсініксіз, сапасы нашар видеоролик еді. Ал бүгінде ол 25 миллионнан аса қаралған.
Сайт құрастырушылар ол кезде студент болған. Сол себептен, олар өздеріне қызық үшін сайтты негізінен қыздармен танысу үшін құрады.
Бірақ, қолданушылар дұрыс түсінбегендіктен, оған кез-келген видео жариялай бастайды. Ас мәзірін, әзіл-қалжың, әңгіме, т.б. ал, бұл жағдай алғашында құрастырушыларға ұнамады. Осылайша, олар әр апта сайын кездейсоқ қолданушыға Ipod сыйлайтынын хабарлайды. Бұл қадам өзгелердің қызығушылығн арттырып, 1 айдан кейін-ақ 100 миллион көрсетілім болды.
2006 жылдың қазан айында Google империясы бұл сайтты сатып алуға қадам жасай бастайды. қараша айында 2 млрд долларға сатып алады.
Ал ең ұзақ Ютубтағы видео-596 сағат болған. Бірақ ол дереу өшіріліп тасталған.
Әр ай сайын 4 млрд сағаттық видео қаралады екен.
Әр күн сайын 5 млрд-қа жуық көрсетілім жиналады екен
Ютубтағы іздеу жолына " do the harlem shake" деп жазып көріңіз. Қызыққа куә болыңыз.