Ыстық құшақ... Ыстық сүйіс... (қыз күнделігінен)

Ыстық құшақ... Ыстық сүйіс... (қыз күнделігінен)
жеке
блог

...Асығыс қадам басып келдің де, кілт тоқтай қалдың. Жаныма жақын тұрсың. Менен көз алмай тұрғаныңды байқадым. Ішімде бір арпалыс болып жатқандай. Жүрегім де қатты соғып, екі бетім бірден ысып кетті. "Қызарып кеттім бе екен" деген ой санамда жаңғырып жатыр. Қимылсыз қалдың. Жанарымды жерден көтеріп, өзіңе қарай алар емеспін. Бұл - ұялу емес, ұяңдық па екен?! Әлде сенің алдыңдағы өзім байқамаған еркелігім бе? Жоқ, бұл - жүректеріміздің тілдесуі болар. Естимісің, жүрегім бір секундтың ішінде қанша сырын айтып үлгерді. Бірнеше секундтар бойғы үнсіз ұғысуды бөле жарып, жалт қарадым. Күлімдеп тұрған көзіңнің тұңғиығына батып кетер ма екенмін?! Жақыннан жүзіңе тағы да көз тоқтаттым. Ерніңнен сүйгім келіп тұрса да, өзімді тежеп-ақ тұрмын. Өз ойымнан ұялып кеттім де, жанарымды төмен қараттым. Жүрегім жүрегіңе қалауын қысылмай айтты ма екен, мені бірден құшақтай алдың. Иісіңе басым айналып барады. Құлағымның түбінен шыққан демің денемді дір еткізді. Ерінің ерінімді өпкенде, еріп кетердей күй кештім. Ыстық құшақ... Ыстық сүйіс... Мен өзіңді өте қатты сағыныппын...

"Ғашықтар күні"... Дау туғызатын күн. Осы күннің бірінші минутын бірге қарсы алғанымызды жақсы ырымға баладым. Мен үшін жылдың 365 күні - түгелдей "Ғашықтар күні!" Сені сүйетін әрбір секундым - мереке!