Ыстық көл демалысы

Ыстық көл демалысы
жеке
блог

5 күнге жолым түсіп Ыстық көлге барып демалып келу бақыты бұйырды. Жәй ата-анамсыз, еріккен үш қыз болып жолға жиналдық. Ең қызығы жол білмейтін үшеуміз өзімізше ешқандай тур фирмасыз "дикарем" барып келейік деп шештік, себебі сол жақта болып келгендер солай ақыл айтқасын солай бара салдық :).

Ескерту:  1 сом үшін біз 4 теңге береміз, яғни әр сомды 4 ке көбейтіп жүретін "ауруға" ие боласыз. Әр сомды есептеп жүрген өте пайдалы ғой. Мынау біздің реакциямыз :). Енді 30 000 теңгенің орнына 8 000 сом санап берген кездегі әсер: 


Тур фирма арқылы тек барар жол мен келер жол билетін сатып алдық, бағасы 7000 тг+ 500 тг (әр адамнан қызмет үшін ұсталды). 

Бағытымыз- Чолпон ата қаласы. Таңғы 6 ты да үшеу+1 төртеуміз ескі базар аялдамасында тұрмыз. Көзіміз банка "қайда барамыз, кімнен не сұраймыз?" деп тұрмыз. Ұзақ тұрмадық, бір таксист жетіп келіп "қандай пансионат керек?" деді. Іздегеніміз табыла кете жамырап сұрап жатырмыз. Ол кісі бізге Чолпан атадан 2-3 жерді көрсетті, сырты керемет ішіне кірсең енді адам тұрғысыз, кейбірінде тіпті душқа 40 сом деді + тамағың бар 500 сом. Біздің түрімізді көріп "Бостериге жүріңдер сонда жақсы орындар табуға болады" деді. Жоспар аяқ асты өзгеріп Бостериге кеттік те қалдық. Ескертетін жағдай: Таксист бізді тасып, орналастырғаны үшін бір тиында алмады. Оларға апарған жерлері төлейді екен. Барып жатсаңыздар ескере жүріңіздер. 

Бостериде "Золотые пески" пансионатына орналастық. Ұнағаны: Көл тура қасыңда, 75 метр жерде, жан-жағыңда бәрі бар базар, кафе, бөлмелер таза, сенімді жер. Адамда көп. Жалпы біз жақсы жерге түсіптік, себебі былай барып жеке меншік үйге түсетіндер пляжға өткен сайын 20 сом төлейді екен. Айтылған кезде аз көрінгенімен біздің ақшаға шаққанда кәдімгідей ақша боп шыға келеді. Айтпақшы бөлмеге адам басына 800 сом *4= 3200 теңгеден шықты, тамақ отдельно 500 сом үш уақыт дейді. Бірақ біз тамақ алмадық, сырттан ішейік деп ойладық, біз дұрыс шешім жасаптық :). Жалпы тамақты өзіңіз аралап жүріп жақсы кафе тауып алып соннан ішіңіз. 

Таңғы Ыстық көл керемет. Адам аз, әрі таза, әрі салқын. Өзіңмен-өзің көлмен сырласуға да, шет елдіктер сияқты көлдің жағасын қуалай жүргіруге күшті кез. 

Менің байқағаным бұл жақта бәрі бірнәрсемен айналысады. Бала болсын апа-ата болсын бәрі бір бизнестің иесі. Кішкентай қыздар самса, жүгері т.б. сатып жүрсе, кішкентай жігіттер арендаға күннен қорғанатындар, төсегіштер, орындықтар арендаға берумен айналысады. Бос жүрген бірін көрмейсің. 

Сауда, кафе, такси бәрі жақсы дамыған. Аттаған жерің кафе, қолыңды соза қалсаң бір 20 таксист қасыңа жетіп келеді. Бірақ, олар 100 сом деген кезде "еее арзан екен" демеңіз, 4 ке көбейте қалсаңыз бізден қымбат не бірдей боп шыға келеді. (Салыстырып үйреніп қалғам ғой :). 

Күндіз жағажайда адам көп, мусорда көп былай :). Бірақ отырғыштар беретін кісілер өз жерлерін тазалап қояды екен. 

Диванға отырған кездегі "типа" қуанышым. Ха, ха, ха 2 минуттан кейінгі айқайымды көрсеңіздер ғой Cry. Ана парашютқа отыруға духым жетпеді ))).

Менде уже күш жоқ, айқайлап-айқайлап тамағым бітіп қалған. Жалпы өзім судан қорқам ))). Құлап қалсам батып кететіндей күйде отырмын. Ухх, бітті-ау бәрі.

Экскурсияға жазылыңыздар дегесін, Григорьевское ущельеге тауға барып сарқырама көрмек боп жиналдық. Тау біздегідей ғой, бірақ қарақат, малина, барбарис, өрік өте көп екен.  Экскурсия құны 400-500 сом. Таңдаған жеріңізге қарай. 



Сарқырамаға көреміз деп бара жатқан кезде өзіміздің Түрген сарқырамасын ойға алып оған жеткенше біраз шаршап баруды елестеткенбіз ғой, сөйтсек: 

Бары мынау-ақ :). Ал мынау, Алматының тауында шауып жүрген қыздың түрі: 

Бұл сарқыраманың басқа сарқырамалардан ерекшелігі бұл сарқырама қолдан жасалған. Брежньев Ыстық көлге демалуға келеді деген кезде 1969 жылы қолдан жасалыпты. Былай қарасаң білінеді, тастары прям қырлы әрі қолдан қойғандай. Жоқты бар жасап жүрген адамдар ғой, әрі осымен ақша табады! 

Сонан кейін ыстық бұлақ суларына бардық. Скважинамен 1647 метрден шығарып арнайы түсуге ванналар жасап қойған. Кіру құны 200 сом адам басына.

Құрамында минералдар көп әрі көп ауруға ем екен. Әр ваннаның темпаратурасы әр түрлі, суықтан бастап ең ыстығына соңында түсуің керек. Сонан соң суық душ жасап қойған соған жуының керек, сонда сізге ем қонады дейді. Әр ваннада 15 минуттан артық отыра алмайсың. Әсері жақсы

Әсері жақсы. Екі күн судан шықпай жатқаннан қолымды көтере алмай қалып ем, жақсы боп қалды. Буын ауруларына жақсы екен. Күн жаңбыр болған күні 2- рет өзіміз келдік, 1200 сомға такси жалдап ))) 6000 тг өлсем Қазақстанда такси жалдамас ем Embarassed.

Сол күні Чолпон Атадағы Ш.Айтматов атындағы "Рух Орда" аспан асты музейіне барып қайттық. Егер, жолыңыз түсіп барып жатсаңыз "міндетті жерлер" тізіміне қосыңыз. Кіру құны 350 сом. Ол жерде қалаған уақытыңызша бола аласыз + гид сізге бәрін түсіндіреді.  

Кіре берісінен "ах, күшті" деуіңіз ғажап емес. Идея керемет жасалған. Музей мемлекеттік емес, жекеменшік. Тіпті Гидтердің киміне дейін ойластырылған.

Шыңғыс Айтматовпен сырласып отырған кезім. Әрине өзіме ұят, шығармаларын аз оқыппын. Ақталып отырған түрім... 

Рух Орда туралы бөлек пост жазармын, бәрін бір блогқа жазу көп екен. Бұл жердегі әр заттың мағынасы бар, жәй тұрған нәрсе таппайсыз. 

Рух Ордада орналасқан пирс. Әдемілікті сөзбен жеткізу қиын, әрі мақсаты да ерекше пирс. 

"У рыбака" кафесінен бір сәт. Әдемі, ыстық көлдің жағасындағы "бизнесті" ойламайтын қамсыз қырғыз жастарын осы жерден ғана кездестірдім. "Қалалық" жастардың сүйікті орны екен, арнайы балық үшін осында бардық.

Ыстық көлдің біздің кететінімізге қатты ашуланды. "Неге аз-ақ күнге келдің?" дейді.

Ыстық көлге баратын болсаңыз есіңізде сақтаңыз: 

  • Ақшаны Қордайдан алмастырып алыңыз, Қырғызстанда ауыстырсаңыз ұтыласыз
  • Суға түсетін киім, анау-мынауды сол жақтан алуға болады, бізге қарағанда бұл заттар арзан
  • Қазақстаннан соткаңызға баланс толтырып алыңыз, ол жақта сала алмайсыз.
  • Ол жақта арзан дегенді ұмытыңыз, бізбен бірдей-ақ
  • Әдемі нәрсе көрем деп емес жағажай, ыстық көл, Рух Орда деп қана барыңыз. Соның өзі сізге бар әдемілікті көрсетеді.
  • Қайтарда өзіңіз көтере алатыннан ауыр жүк алмаңыз, шекарада 2 сағат өзіңіз көтеріп тұратыныңызды ескеріңіз
  • Бостериде болсаңыз " У Сабины" кафесін рекомендеймін, тамақтары жақсы :)

Бес күнгі демалысыма барлығы 67500 теңге ғана кетті. Барынша қыдырып, барынша бәрін көріп қалуға тырыстым. Былай арзан сияқты енді. 

Қош Ыстық көл, әлі талай барып қалармын...